AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар көтерілуде: Қазақстанда тұрмыстық техника мен электроника бағасы өсе ме?

Ресейге қарсы салынған санкциялар Қазақстаннан айналып өтпеді. Екі күннен бері доллар бағамының тұрақсыздығы мұның көрінісі. Қазақстан қор биржасындағы cауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 467 теңгеден асып отыр. Бұл импорттық тауарлардың, оның ішінде тұрмыстық техника мен электрониканың бағасы өседі дегенді білдіре ме? Stan.kz тілшісі анықтап көрді. 

“Әзірге тауарлардың бағасын көтеру ойымызда жоқ. Жағдайдың бұдан әрі қалай өзгеретіні серіктестерімізге байланысты. Қазіргі таңда біз олармен бұрынғы бағаларды сақтау туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ нәтижесі кейінірек белгілі болады”, – деп жауап берді Sulpak дүкендер желісінің өкілі Константин Иванюк. 

Бұған қоса дүкендер желісі тұрмыстық техника мен электрониканы бұрынғы бағада сатып алу үшін акция басталғанын хабарлады. 

Ал “Технодом” желісі бағаларды тек өндірушілер белгілейтінін айтып отыр. 

“Біз тауарларды өндірушілер белгілеген бағамен шетел валюталарына қатысты теңге бағамын ескере отырып сатамыз. Негізінен, біз сататын барлық ассортимент Қазақстаннан тыс жерлерде өндірілген импорттық тауарлар. Әзірге болып жатқан жағдайларға байланысты тауар тапшылығын болжап отырған жоқпыз”, – дейді Технодом желісінің PR қызметі. 



“Планета Электроники” интернет дүкені де бағаны көтеру ойда жоқ екенін жеткізді. 

“Бағаның көтерілуі бізге байланысты емес. Тауарды жеткізушілер бағаны көтеріп жіберетін болса, тиісінше бізге де өсіруге тура келеді. Бұл әрине, техника мен электроника бағасының қымбаттауына әсер етеді. Ал олардың баға саясаты жайлы бізде әзірге ақпарат жоқ”, – Планета Электроники интернет дүкенінінің өкілі Фатима. 

Evrika дүкендер желісі де әзірге электроника бағасын арттыру жоспарланбағанын мәлімдеді. Бұл тұрғыда барлығы тікелей жеткізушілерге байланысты.  

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар. 

Осыдан соң АҚШ президенті Джо Байден арнайы мәлімдеме жасап, Украинадағы жағдайдан кейін Ресейге санкция салатынын айтты. 

Сондай-ақ Еуроодақ басшылары Брюссельде Украина мәселесі бойынша кезектен тыс саммит өткізіп, Ресейге қарсы қатаң санкциялардың екінші пакетін мақұлдады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр