AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалық одақ Ресейге қатысты санкциялардың екінші пакетін мақұлдады

Еуроодақ басшылары Брюссельде Украина мәселесі бойынша кезектен тыс саммит өткізіп, Ресейге қарсы қатаң санкциялардың екінші пакетін мақұлдады. Алдыңғысында 27 жеке және заңды тұлғаның сондай-ақ Ресей мемлекеттік думасының 351 депутатының елге кіруіне тыйым салынып, активтері бұғатталған болатын. Германия "Солтүстік ағын-2" газ құбырын сертификаттауды тоқтатты және бірнеше шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап. 

Кезектен тыс саммитте Еуропалық одақ мүшелігі Ресейдің Украинаға қарсы әскери операциясына қарсылықтарын танытып, Ресейден барлық соғыс қимылдарын дереу тоқтатуын, Украина жеріндегі барлық күштер мен әскери техниканы шығаруды, және осы елдің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін өз шегінде толық құрметтеуді талап етті.

“Біріншіден, бұл пакет Ресейдің ең маңызды капитал нарықтарына қол жеткізуін азайтатын қаржылық санкцияларды қамтиды. Қазіргі уақытта біз ресейлік банк нарығының 70 пайызын, сондай-ақ негізгі мемлекеттік компанияларды, соның ішінде қорғаныс өнеркәсібін нысанаға алып отырмыз. Біздің экспортқа тыйым салуымыз мұнайға әсер етіп, Ресейге 2019 жылғыдай 24 миллиард еуро көлемінде экспорттық кіріс әкеліп, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға мүмкіндік бермейді. Біз Ресейдің маңызды технологияларға, соның ішінде алдыңғы қатарлы жартылай өткізгіш технологияларға қол жеткізуін шектейміз", – деді еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон Дер Ляйен.

Ресейге қарсы санкцияның екінші пакетінде қаржы, энергетика және көлік салаларын шектеуге қатысты шаралар қаралды. Шектеулер экспортты бақылау мен қаржыландыруға, ЕО визалық саясатына және жаңа листинг критерийлеріне қолданылады. Еуроодақтың қара тізіміне ресейлік тұлғалар тіркелді.

“Украинаға бұрын-соңды болмаған экономикалық көмек 1,2 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық пакетін қабылдау арқылы келіссөздер жүргізілді.  Қаржылық және материалдық ресурстарды жұмылдыру арқылы бұл көмек одан әрі жалғасады. Франция Украина экономикасына қосымша күш салуға 300 миллион еуро береді. Біз сондай-ақ Украина халқына әскери және қосалқы техниканы жеткізуді жалғастыруға дайынбыз”, – деді Франция президенті Эммануэль Макрон.

Саммиттің қорытынды мәлімдемесінде Еуроодақ елдері басшыларының "Беларусь Республикасында қамтитын жеке және экономикалық санкциялардың келесі пакетін шұғыл дайындау және қабылдау туралы" үндеуге нұсқау жасалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр