AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған алты адам тергеу изоляторында көз жұмды

Қаңтар айының басында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған алты адам заңсыз азаптаулар кесірінен уақытша ұстау изоляторында көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында хабарлады. 

"Жақында ғана біз тергеуде рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұрын оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан. Бізге мұндай істердің барлығы бірдей берілмеді. Тек ауыр жағдайлар бойынша, дәлірек айтқанда, ұсталғандардың өлімі тіркелген оқиғалар ғана берілді", – деді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам, Талдықорғанда бір адам қаза тапқан.

"Сондай-ақ, біз әлі де тергеу изоляторында отырған Талдықорған қаласының тағы бір тұрғынына қатысты істі алдық. Үтікпен күйдіріп, азапталған азаматқа қатысты іс резонансты жағдай туғызған болатын", - деп қосты ол. 

Болған жағдайлар бойынша әлі де тергеу жалғасуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр