AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолтырауын достарының көзінше өзенде жүзіп жүрген ер адамды тірідей жеп қойды

Индонезияның Солтүстік Калимантан провинциясында қолтырауын достарының көзінше өзенде жүзіп жүрген адамды тірідей жеп қойды.

Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Лютер есімді 51 жастағы ер адам пальма жапырақтарын тергеннен кейін өзенге түспе болған. Кенет оған төрт метрлік қолтырауын шабуыл жасады.

Ер адам бауырымен жорғалаушымен күреспек болды, бірақ ол оны судың астына сүйреп әкетті, нәтижесінде ол қолтырауынның аузында өлді. Шабуылға куә болған индонезиялықтың достары жыртқышты қорқытпақ болған. Олар оқиға туралы жергілікті билікке хабарлаған. Құтқарушылар әскерилер мен полицейлерді тарта отырып, із-түзсіз жоғалған адамды іздестіру шараларын ұйымдастырды, бірақ нәтиже болмады.

Подполковник Три Прио Утомо: "Біздің әрекеттеріміз жердің табиғаты мен жарамсыз жабдықпен шектеледі, бірақ біз жәбірленушіні табу үшін бар күшімізді саламыз", - деді.

Плантация басшылығы жақын маңдағы ауыл тұрғындарына суға жақындамауға кеңес беретін белгілер орнатқан.

Зимбабвенің Масвинго қаласындағы психиатриялық аурухананың емделушісінің емханадан қашып шығып, қолтырауындар көп таралған Тугви өзенінен өту кезінде қолтырауынның аузына түсіп, қайтыс болғаны бұған дейін хабарланған болатын. Бауырымен жорғалаушы ол кезде де ер адамды су астына сүйреп әкеткен.


"Менің жолым болды": Британиялық қыз қолтырауын шабуылынан қалай аман қалғаны туралы айтып берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр