AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Утилизациялық алымның жаңа бағасы қашан жарияланатыны белгілі болды

Қазақстан утилизациялық алымның жаңа ставкалары қанша теңге болатынын анықтады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ертең автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларына утилизациялық алым ставкалары жарияланады. Ал аударылған ақша бойынша, ақпарат бәріне белгілі. "ӨКМ операторының" есепшоттарында, "ӨКМ операторының" ЕДБ шоттарында шамамен 220 миллиард теңге бар. Ол қаулы бойынша, "Жасыл Даму" АҚ-қа берілген", –  деді Серікқали Брекешев.

Ол ақшаның қанша бөлігі жеңілдетілген автонесиеге бөлінгені туралы сұраққа жауап бере алмады.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын төмендету көзделіп отырғанын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр