AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде ереуілдеткен жұмысшылар басшылыққа 17 талап қойды

Жаңаөзенде "ӨзенМұнайГаз" компаниясына қызмет көрсететін "Бұрғылау" серіктестігінің мыңға жуық жұмысшысы жұмыстарын тоқтатып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Олар осымен үшінші күн қатарынан жағдай жасалсын деп басшылыққа 17 талап қойған. Олардың негізгісі - "Бұрғылау" компаниясының бас директорын лауазымынан босату, жалақыны бірыңғай еңбекақы жүйесімен төлеу және серіктестіктің техникаларын жаңарту.

Мұнай ұңғымаларын қазу және игерумен айналысатын "Бұрғылау" компаниясында соңғы жылдары еңбек дауы жиі болып тұрады. 2016 жылы үлкен дау болып, "Бұрғылау" басшыларына бірнеше талап қойыпты, сол талаптың кейбірі әлі де орындалмады деп жұмысшылар ашулы.

“Бәріне қағаздарды бердік заңды түрде. Енді Хайруллаев келіп осы мәселені шешіп беруін сұрап тұр халық. Облыс әкімі бас директорге ескерту жасаған, ол сіздің кінәңіз деп. Олар біздің видеообращение жасаған жігіттерді сотқа беріп қудалау жасады. Әлі күнге дейін қудалау жалғасып жатыр”. – дейді Бердіғұл Ізғалиев. 

Осы "Бұрғылау" серіктестігінде жұмыс істей жүріп, дүниеден өткен азаматтардың әйелдері мен жұмыспен қамту бөлімі арқылы қызметке орналасқандардың да шағымы жетерлік. Әйелдердің сөзінше серіктестік оларды жеке кәсіпкерге тіркеп қана жұмысқа алған.

“Біздер ИП жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс жасап жатырмыз. Ауырған кезде бізге ешқандай больничный парақшасы және де жылына бір берілетін кезекті демалысымыз қарастырылмаған және соц пакет ешқандай атымен жоқ. + біз айына 100 мың жалақы көлемінде ақша аламыз. Бірақ ол ақшамыз жетпейді”, – дейді жұмысшы Қаракөз Басарова.

Компанияға сервистік қызмет көрсететін "Фиркрофт" серіктестігінің 100-ден астам қызметкері "Бұрғылауға" штатқа өту туралы талап қойып отыр. Ал компания заңгері олардың талабы да, әйел азаматтардың ұсынысы да бірден орындалмайтынын жеткізді.

“Қазіргі уақытта жоспардағы өндірістегі жүргізілу керек ұңғымалардың барлығы тоқтап тұр. Бұл серіктестіктің бюджетіне үлкен экономикалық шығындар әкеледі.+ еңбек дауын дөңгелек үстелге отырып татуластыру рәсімдерімен, егер татуластыру комиссиясымен шешілмеген жағдайда еңбек арбитражын құруды ұсындық. Алайда жұмысшылар татуластыру комиссиясына да, еңбек арбитражына да келіссөзге отырудан бас тартып отыр”, -дейді "Бұрғылау" ЖШС заң бөлімінің бастығы Ахан Шапахов. 

Ахан Шапаховтың сөзінше 2007 жылдан бастап 2021 жылға дейін жалпы көлемі 41 миллиард теңгеден астам қаражатқа құрылғылар жаңартылыпты. Сондай-ақ заңгер жұмысшылардың ереуілі заңсыз деп танылсын деген арызды сотқа тапсырғанын хабарлады.

Дегенмен мыңнан астам азамат қазіргі көтерген мәселені "Бұрғылау" бас директоры Дүйсенбай Таушанов шеше алмаса, компания үкіметке қайтарылсын деп отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр