AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр де солай айтқан: Экология вице-министрі де жануарларға аллергиясы барын мәлімдеді

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова министр Серікқали Брекешев сияқты жануарларға аллергиясы бар екенін айтты. Сол себепті ол қаңғыбас жануарларға арналған орталықтан үй жануарларын асырай алмайтын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлия Шалабекова қазақстандықтарды қаңғыған жануарларды асырап алуға шақырды. 

"Мен жануарларды шынымен жақсы көретіндерге айтқым келеді. Кімнің мүмкіндігі бар жануарларды асырап алыңыздар. Менің түсінігімше олар біздің өмірімізді байытады. Жеке басыма келер болсақ, мен жануарларды асырай алмайтын болып шықтым. Аллергиям бар екені анықталды. Мен тек заң ғана жасай аламын", – деді Шалабекова.

Ол барлық қаңғыбас жануарлардың иелері болғанын, бірақ тастап кеткенін атап өтті.

"Оларды саналы түрде бағып, жауапкершілікпен қарайық", – деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үй жануарлары бар-жоғы туралы сұраққа дәл осылай жауап берген болатын.

"Менің үйімде жануарлар жоқ. Оларды асырайтын орталықтан да алмадым. Өйткені менде жануарлардың жүніне аллергия бар", –  деген ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр