"Әдейі кетіп қалғандай сезіндім": Қайрат Құдайберген өзін ҰҚК мен Бас прокуратураның тергеуге шақырғанын айтты
Бизнесмен, Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген өзін Бас прокуратура мен Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің жауап алуға шақырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
Әңгімемді Жандарбек Бекшиннің қанатты сөзінен бастайын деп тұрмын. "Наконец-то мені жауап алуға шақырды!" Иә, қаңтардағы оқиғалар бойынша куәгер ретінде жауап беру үшін шақырылып тұрмын (бірақ бізде оның қалай болатынын білесіздер)”, – деп жазды Құдайберген.
Оның айтуынша, қазір бизнесмен отбасымен бірге Дубайда жоспарланған демалыста жүрген көрінеді.
“Негізінде біз 4 қаңтарда кетуді жоспарлаған болатынбыз. Бізде кетуге мүмкіндік те болды. Бірақ мен халқым мен Отанымды сондай жағдайда қалдырып кете алмадым. Демалысым 6 ақпаннан басталды. Бірақ 5 ақпан күні түскі уақытта маған ұлттық қауіпсіздік комитетінен, ал 7 ақпанда Бас прокуратурадан “жауап алуға” шақыру үшін қоңырау түсті. Барлығын сыпайы түрде түсіндіріп берді. Олардың алдында өзімді әдейі кетіп қалғандай ыңғайсыз сезіндім
Келген соң міндетті түрде Нұр-Сұлтанға барамын (мен Алматыда тұрсам да, не себепті ол жаққа шақырғанын түсінбедім). Сөйлесіп болған соң, сіздерге не әңгіме болғанын айтып беремін. Аман болайық, қазақ елі!” – дейді ол.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
