AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаеваның әлі жұмысқа шықпағаны белгілі болды

Дариға Назарбаева сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысына қатыспады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентіті Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап. 

"Депутат әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында", - деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавируспен ауырғандықтан, қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланды. Ол сырқаттан кейін оңалу кезеңінен өтіп жатыр делінген еді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді.

Ол президент жаңа премьер-министрді таныстырған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов сайланғанда да болмады.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтқан. 

Елбасы қызының басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандаттан бас тартатын уақыты келді деген пікір білдірді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр