AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 42 жастағы әйел жиырма күннен бері табылмай жатыр

Түркістан облысында 42 жастағы әйел жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, Кентау қалалық полиция бөліміне жоғалған әйелдің жұбайы арызданған. Ол әйелінің із-түссіз жоғалғанын жазып, көрсеткен.

Жоғалған әйелді тез арада табу үшін Түркістан облысының полицейлерінен арнайы топ құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстарының ауқымы кеңейтіліп, барлық облыс, қалаларға әйелдің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фотосуретімен бірге жолданды.

Түркістанның полицейлері әйелдің баруы мүмкін аймақтарды, әрбір орынды жіті тексеріп, іздеу жұмысына жұмылдырылды. Осы тұста, із-түссіз жоғалған Арайлым Қасымханқызын аман есен тауып, отбасына қайтару үшін оны танитын, не болмаса көрген-білген адамдар болса тез арада полицияға хабарласуларын сұраймыз.

Арайлым Қасымханқызы 1980 жылы туған. 20 қаңтар сағат 01:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, бүгінгі күнге дейін қайта оралмаған.

Сондай-ақ, жоғалған әйелдің үстінде ақ түсті күртеше, сұр түсті жемпір мен қара белдемше, аяғында қара түсті етік болған. 

Арнайы белгілері: бойы 155-160 см, арық денелі, шашы қара (ұзындығы иығына дейін). Іздеу жарияланған әйел туралы қандай да бір ақпарат болса, Кентау ҚПБ кезекші бөліміне 8(725)3639002, 3-25-03, 3-34-61,8-747-933-19-85, 8-702-640-64-59 немесе полицияның 102 нөміріне хабарлауға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр