Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаудағы "Арселор Миттал" зауытында жұмысшының денесі табылды

"Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамының металлургия комбинатында 47 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай  аглодомендік өндірісте болған. Агломерат өңдейтін цех бригадирінің денесі жұмыс орнынан табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Қазір тексеру-тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік, бұл цехта байытылған кентас концентраты, яғни темір кентасы мен майда кендердің қоспасы пеште қорытылады.

"Арселор Миттал Теміртау Болат департаментінің бригадирі Өтегеновпен Алға өндіріс цехында болған қайғылы жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен арнайы тексеру жүргізу жөнінде комиссия тағайындалды. Жазатайым оқиғаның мән- жайлары мен себептері арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалады”, – дейді облыстық еңбек инспекциясы. 

Ресми мәлімет бойынша, арнайы комиссия құрылған. Қазір қажетті шаралар жүргізілуде.  

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ Болат департаменті аглофабрикасында жазатайым оқиға салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған кен араластыру учаскесінің бригадирінен айырылғанымызды өкінішпен хабарлаймыз. Арнайы комиссия құрылды, оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді "Арселор Миттал Теміртау" баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 01 Ақпан, 2022 21:09
Талқылау