AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында зорлау дерегі бойынша қашып жүрген Қырғызстан азаматы ұсталды

Павлодар облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері қылмыстық қудалау органдарынан қашып, Ресейде зорлау фактісі бойынша федералды және мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді экстрадициялауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кылмыс

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиева хабарлады.

Екібастұзда заңнан қашып жүрген 28 жастағы жігіт ұсталды.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 131-бабы 2-бөлігінің "А" тармағы бойынша ұсталған адамды қылмыстық қудалау үшін экстрадициялау туралы Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2012 жылы Забайкалье өлкесінің Чита қаласында бір топ ер адам жас қызды зорлап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Күдіктінің біреуі қашып кетті. Оған Чита қаласының Орталық аудандық соты іздеу жариялап, сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Айыпталушының Қазақстан аумағында қашып жүргені анықталған.
Екібастұз аудандық соты қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімінің аяқталмағанын ескере отырып, 40 тәулікке уақытша қамауға алу туралы арызды ашық сот отырысында қарады.

"Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері күдіктінің үстінен жұмыс жүргізді. Бүгін. Қаулыға сәйкес, экстрадициялау туралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 594-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті ресейлік тарапқа беріледі", – деп түсіндірді АП-162/1 мекемесінің бастығы Ардақ Иманғалиев.

Жақын арада ер адам Ресей Федерациясына жіберіледі, оның кейінгі тағдырын сот анықтайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр