Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда малдар арасында белгісіз індет өршіді

Батыс Қазақстанда мал арасында белгісіз індеттің шықты. Облыстың сегіз ауданында сиырлардың індет жұқтыру фактілері тіркелді. Барлығы екі жарым мыңға жуық бас ауруға шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

қой

Ауыл тұрғындары Россельхознадзордың 28 желтоқсандағы Қазақстанның шекаралас облыстарында аусыл ауруының ықтималдығы туралы бұйрығын естіп қатты алаңдаушылық танытты. Алайда қазақстандық мал дәрігерлері жануарлардың жұқпалы ринотрахеитпен ауырғанын анықтады.

Мамандар эпизоотиялық жағдай бақылауда деп сендіреді.

"Қазіргі таңда Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарында зертханалық зерттеулердің қорытындысы алынды. Шыңғырлау және Сырым аудандарында екі ауданда жұқпалы ринотрахеит анықталса, Бөрлі ауданында теріс нәтиже шығып, зертханалық сараптама қорытындысы шықты. Қалған аудандарда сараптама нәтижесі әлі белгілі болған жоқ", - деді БҚО ветеринария басқармасының басшысы Балдай Сапарғали.

Талқылау