Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтірді
Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік Toyota-Camry көлігімен әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Клочко
Оқиға 15 қаңтар күні сағат 8.30 шамасында Маяковский көшесінде болған. Toyota-Camry қызметтік көлігінің тізгінінде 25 жастағы азамат болған. Жүргізуші бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, әйелді итімен бірге қағып кеткен. Ит сол жерде өліп қалған, ал 1970 жылы туған әйел ауруханаға жеткізіліп, кейін ол да сол жерде көз жұмған.
Көлікті Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Клочкоға бекітілген қызметтік көлік жүргізушісі айдағаны хабарлады.
"Аталған автокөлік "Қостанай қаласы әкімінің аппараты” ММ тізімінде тұр, оны басқалармен қатар аппарат басшысы да пайдаланады. Қазір бұл жүргізуші уақытша жұмыстан шеттетілді. Төтенше жағдай режимі кезеңінде 10.01.2022 мен 19.01.2022 аралығында қалалық әкімдік қызметкерлері үшін бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес, 15 қаңтарда автокөлікті әкім аппаратының басшысы В.В. Клочконы тасымалдау үшін пайдаланған", – деді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.
"Апат кезінде Вера Клочко қызметтік көлікте болды ма?" деген сұраққа Ахметов “болмады” деп жауап берді. Сондай-ақ ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері тексеру жүргізетінін айтты.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу мәліметтері ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
