Өскеменде жабайы иттер 7 жасар қыз баланы талап өлтірді
Әлеуметтік желіде жеті жасар баланың иттердің шабуылынан қайтыс болғаны туралы хабарлама пайда болды. Полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Біз, орман шаруашылығы кәсіпорнының, "Надежда" және "Эдельвейс" бағбандық бірлестіктерінің тұрғындары, барлық жоғары органдардың назарын аударуды сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап өлтірді! Біз қауіпті аймақта тұрамыз (қалалық қоқыстың жаны). Жабайы иттер жүйелі түрде шабуыл жасайды!" деп әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар өтініш білдірді.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді