Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын көлік қарияны басып кетті
Нұр-Сұлтанда қар тазалау жұмыстары кезінде адам өлімі орын алды. Қар тазалайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
7 желтоқсан күні сағат 15.45 шамасында Тілендиев даңғылында қар тазалайтын көлік жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалау барысында, 65 жастағы әйелді қағып кеткен
Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 24 қарашада қалың қар жауған болатын. Оның зардаптарымен күрес күні бүгінге дейін жалғасуда.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн