Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қашан "жасыл" аймақ талаптарына көшеді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада 22 қарашадан бастап "жасыл" аймақ талаптары енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бекшин

"Алматыда өткен тәулікте 129 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Бір апта ішінде 936 жағдай тіркелді. Қалада белсенді түрде вакциналау жұмысының арқасында осындай көрсеткішке жеттік. Елдің бас санитар дәрігерінің №42 қаулысына сәйкес, өңір "жасыл" аймаққа өткеннен кейін ең кемі 7 күн "сары" аймақ талаптары бойынша жұмыс істейміз",  – деді Бекшин.

Әрі қарай қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарса, қала "жасыл" аймақ талаптарына көшеді.

"Біздің жоспар бойынша "жасыл" аймақ талаптарына 22 қарашадан бастап көшуге мүмкіндік бар. Казір осы күнді көздеп отырмыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

"Шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда ("жасыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі", - делінген елдің бас санитар дәрігердің №42 қаулысында.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Айта кетері, қыркүйектің соңында қазақстандықтарға салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат берілді.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ке дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.

"Сары" аймақта да 50%-ке дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

"Қызыл" аймақта 50%-ке дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада 100 мың адамға шаққанда аурушаңдық 50-ге жетпесе, "жасыл" аймақ талаптары енгізіледі.

"Жасыл" аймақ талаптарына сәйкес, Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіпорын немесе ұйымдар түнгі сағат үшке дейін жұмыс істей алады. Ashyq жүйесіндегі көшбасшылар таңғы 5-ке дейін жұмыс істейді. Егер жекелей алғанда қоғамдық тамақтану орындарында қонақтар саны артады. Егер "сары" аймақта 60%-ке дейін рұқсат берілсе, "жасыл" аймақта орындар 70%-ке дейін артады. Ал фудкордтарда "сары" аймақта 20% рұқсат берілсе, "жасыл" аймақта 30%-ке артады", - дейді Жандарбек Бекшин.

Банкет залдарында "сары" аймақта 30% болса, "жасыл" аймақта 50%-ке дейін артады. Ал орын саны 60-тан 70-ке ұлғаяды.

"Театр мен кинотеатрларда "сары" аймақта 40% рұқсат етілсе, "жасыл" аймақта 50%-ке арттыру жоспарланған. Караокеде орын саны 50-ден 60-қа артады", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

18 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Талқылау