Төртінші курс студенті бөлмеге шашқан: Семейде 14 студент уытты баллоннан уланып қалды
Семей қаласында 14 студент көз ашытатын өткір иісті баллоннан уланып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 29 қазан күні сағат 23.30-да болған.
Электртехника колледжінің 4-курс студенті абайсызда жатақхана бөлмесіне бұрышты баллонды шашып жіберген. Соның салдарынан 14 студент уланып, көздері қызарып кетті.
Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен.
Студенттер медициналық мекемеге жеткізілді.
"Аталған факті бойынша Семей қаласы Затон полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”