60 адамның өмірі үшін бар-жоғы 14 жыл: Атышулы Кемероводағы болған өртке кінәлілерге сот үкім шығарды
2018 жылдың наурызында Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда-ойын-сауық кешеніндегі болған өртке кінәлілер ісі бойынша алғашқы үкім шығарылды. Қайғылы оқиғадан үш жарым жыл өткен соң кінәлілер жазасын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кемероводағы сауда ойын-сауық кешені 2013 жылы 1968 жылы салынған бұрынғы Кемерово кондитерлік фабрикасының ғимаратында ашылған болатын.
Ғимаратқа сауда орталығы мен ойын-сауық паркін орналастыру туралы шешім қабылданғаннан кейін, құрылыс жұмыстары қайта жүргізілді. Оның барысында қабаттар саны төртке дейін өсті. Кешеннің төртінші қабатында кинотеатр болған. Оған 542 орынға арналған 3 кинозал кіреді. Сондай-ақ, бұл аумақта балалар ойын-сауық орталығы мен аттракциондары, автодром, ойын лабиринті мен мұз айдыны, кафелер мен барлар, бильярд бөлмесі, жаттығу залы, бассейн мен сауналар бар болған.
Трагедияның да эпицентрі осы "Зимняя вишняя" кешенінің төртінші қабаты. 2018 жылдың 25 наурызында кинотеатр залы мен ойын-сауық аумағында адамдар көп болды. Өрт балалар бассейні жанындағы электр тогының тұйықталуынан орын алды. Балқыған пластик тікелей бассейнге тамшылап, өрттің тұтануына себепші болады. Тілсіз жау желдеткіштің қосылып тұруына байланысты тез және ауқымды таралады.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларға қарайтын болсақ қара каустикалық түтіннің төртінші қабаттың дәліздерін бірнеше секунд ішінде жаулап алғанын көруге болады. Адамдар жанасуға тура келді.
Кинотеатр қызметкерлері 1 және 3-ші залдардағы көрермендерге өрт туралы ескерту жасап үлгерген, бірақ 2-ші залға хабар жетпей қалады. Олар сыртқа қарай ұмтылғанымен есіктің артын түтін жаулап алғанын көреді. Адамдар қосалқы есік арқылы шығуға тырысады. Бірақ түтін ол жерге де жетіп ұлгереді. Көрермендер бірнеше рет өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, көмек сұрады. Алайда көмек қолы жетпеді.
№ 2 залдан қашып үлгерген жалғыз адам – Михаил Трусов. Оны өрт сөндірушілер апаттық шығу баспалдағынан тауып алды. Залда қалған басқа 36 көрермен көз жұмды.
Сондай-ақ, жиырмадан астам адам “Зимняя вишняя” дәлізінде түтінге тұншығып өлген. Құрбандардың жалпы саны 60 адамды құрайды, оның 37-сі балалар.
Тергеу барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу факторлары анықталды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің әрекетінде елеулі қателіктер табылды.
Қанша адам жауапқа тартылды?
Жалпы, осы уақытқа дейін "Зимняя вишняя" ісі бойынша оннан астам адам жауапқа тартылды.
2019 жылдың мамыр айынан бастап сотта алғашқы сегіз айыпталушыға қатысты іс қаралды.
Олардың қатарында "Зимняя вишня" ЖШҚ бас директоры Надежда Судденок, "Кемерово кондитерлік комбинаты" ААҚ бас директоры Юлия Богданова, "Кемерово кондитерлік комбинаты" ААҚ техникалық директоры Георгий Соболев, ЖББ қызметкері Сергей Антюшин, бірінші өртке қарсы қызмет жасағының өрт сөндіру қызметінің бастығы Андрей Бурсин, № 2 өрт-құтқару бөлімінің қарауыл бастығы Сергей Генин, "жүйелік интегратор" компаниясының басшысы Игорь Полозиненко, өрт сөндіру жүйесінің инженері Александр Никитин бар.
Процестің алғашқы алты айында шамамен он шақты отырыс кейінге қалдырылды. Бұдан кейін де сот процестері тез бола қойған жоқ. Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың туыстары тағы екі жыл күтуге мәжбүр болды.
Негізгі күн 2021 жылдың 21 қыркүйегіне белгіленген еді. Ол кезде үкім шығарыла бастады. Бірінші отырыста барлық сегіз сотталушы кінәлі деп танылғаны белгілі болды. Жаза мерзімі 29 қазанда белгілі болуы керек еді.
Журналистер 29 қазанда тергеу барысында қамауда болмаған сотталушылардың да залға заттарымен келгендеріне бірден назар аударды. Бұл ешкімнің шартты жазаны күтпейтінін білдіреді.
Қандай жаза тағайындалды?
Кемерово қаласының аудандық соты "Кемерово кондитерлік зауыты" ААҚ бас директоры Юлия Богданованы сауда орталығында өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс сақтамағаны және осы үшін қылмыстық ұйымдастарды деп танылды. Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігі және 219-бабының 3-бөлігіне сәйкес Богданова 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соттың пікірінше, Богданованың ұйымдасқан тобына "Кемерово кондитерлік фабрикасы" ААҚ техникалық директоры Георгий Соболев және "Зимняя вишня" ЖШС Бас директоры Надежда Судденок кірді. Осылайша енді Судденок колонияда13 жарым жылын, Соболев 11 жылын өткізеді.
"Жүйелік интегратор" компаниясының басшысы Игорь Полозиненко мен өртке қарсы жүйенің инженері Александр Никитин екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 219 — бабы бойынша Полозиненко 6 жарым жылға бас бостандығынан, Никитин 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Өрт сөндірушілер жауынгерлік жарғыны бұзғаны және құтқару операциясы кезіндегі қателіктері үшін кінәлі деп танылды.
Жеке күзет ұйымының қызметкері Сергей Антюшин мониторларды бақыламады және дабыл түймесін уақтылы баспады деп айыпталып, 238-бап бойынша 8 жылға түрмеге тоғытылды.
Бірінші өртке қарсы қызмет жасағы қызметінің бастығы Андрей Бурсин жауынгерлік жарғыны бұзғаны, төтенше жағдай орнында өрт-құтқару гарнизонының күштері мен құралдарын басқаруды ұйымдастырмағаны және куәгерлерге тиісті түрде барлау және сауалнама жүргізбегені үшін кінәлі деп танылды. Оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
№ 2 өрт-құтқару бөлімінің қарауыл бастығы Сергей Генин адамдарды құтқару орнына апаратын қысқа жолды жоспар-схемалармен салыстырып тексермегені үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, ол кинозалда көрермендердің болғаны туралы көрген адамның мәліметтерін елемеген. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім 8 қарашада заңды күшіне енеді. Бұл күні барлық сотталғандар қамауға алынады.