Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде оқушылар дезинфекция жасайтын сұйықтыққа уланған: Директордың орынбасары қызметінен кетті

Ақтөбеде сабақ аяқталмай, жертөледе дезинфекция жасауға рұқсат берген  мектеп директорының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

дезифнекция

Облыстық білім басқармасының басшылығы №9 мектеп-гимназиясында болған жағдайды сараптай келе, бұған директор емес, оның орынбасары кінәлі деп шешті. 

Естеріңізге салайық, осыдан 10 күн бұрын білім ордасының жертөлесінде оқушылар сабақтан қайтпаса да шыбын-шіркейді улау жұмысы қолға алынып, улы түтін жоғары қабаттарға көтерілген. Салдарынан, түстен кейін оқитын балалар шошынып, дүрлігіп, сыртқа жүгірген болатын.  

"Каникулдың кезі емес, нақты сабақ процесі кезінде өткізгені үшін мектеп директоры және қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң тәртіптік жаза қолданылды қатаң сөгіс түрінде. Және басы-қасында болған мектеп-гимназияның директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылды", - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

STAN.KZ
Сейсенбі, 26 Қазан, 2021 20:24
Талқылау