Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қолданыста болған көлікті сатып алу жеңілдей түсті: Қазақстандықтарға автонесиені онлайн рәсімдеу ұсынылды

Қазақстандықтар енді үйлерінен шықпай-ақ, қолданыста болған көлікті онлайн түрде несиеге ала алады. Мұндай мүмкіндікті автонесиелендіру бойынша нарықтағы көшбасшы – Еуразиялық банк сыйлап отыр. Жаңа өнімнің тұсаукесерінде өнімді құрастырушылар жүйенің ерекшеліктері жайлы айтып берді.

Car.eubank.kz сайтында автонесиені рәсімдеуден бастап, қарыз сомасын бекітуге дейін үрдістің барлығы онлайн түрде жүзеге асырылады. Сатып алушы көлікті қайдан тапса да өз еркі. Ең бастысы, ол несиені аталған портал арқылы онлайн рәсімдеуі қажет.

“Біз цифрлық технологияларды дамытып, қазақстандықтардың ыңғайына орай жаңа сервистерді жетілдіру үстіндеміз. Міне, сіздерге бүгін осындай өнімдердің бірін ұсынып отырмыз. Жаңа қызметтің арқасында бір азамат екінші азаматқа бұрын қолданыста болған автокөлікті несиеге сата алады. Енді банкке барудың қажеті жоқ: барлығын үйде немесе кеңседе отырып орындауға болады”, – дейді Еуразиялық банк басқармасы төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.

Сайтта клиенттен тек ЖСН мен телефон нөмірі сұратылады, қалған ақпарат автоматты түрде мемлекеттік органдардан, несие бюросы сынды дерек көздерінен алынады. Бар болғаны сатып алатын көлігіңізді мамандарға бағалатсаңыз жеткілікті, дейді өнім жетекшісі.

“Жаңа платформаға көшу тұрғындар үшін бұрын қолданыста болған автокөліктерді несиеге алу үрдісін ыңғайлы әрі жылдам ете түсті. Негізінде бұл жүйенің құрылуына клиенттердің өтініштері мен сұранысы себеп болды деп айтсақ қателеспейміз. Банк тарапынан қаражат аударылмас бұрын автокөлікке бірінші заң тұрғысынан, екінші техникалық жағдайына, жарамдылығына баға беріледі. Автонесие рәсімдеуге болатын көлік маркаларына шектеу жоқ”, – дейді цифрлық автонесиелеу өнімінің жетекшісі Юрий Соснюк.

Атап өтерлік жайт, жаңа қызмет арқылы автонесие рәсімдеген клиентке Еуразиялық банктен жаңа темір тұлпарыңызға тарту ретінде несие мерзімінің соңына дейін КАСКО сақтандыруы сыйға беріледі.

Сервис тек автонесиелендіру үдерісін оңтайландырып қана қоймай, азаматтардың уақытын үнемдеуге септігін тигізеді. Мұны ең алғашқылардың бірі болып онлайн түрде несие рәсімдеген Алматы тұрғыны Камила Көкбаева байқаған.

“Өткен аптада мен Еуразиялық банктің онлайн автонесиесіне жүгіндім. Бұл қызмет жайлы интернеттен естіп білген едім. Несиені рәсімдеу мен үшін өте жылдам әрі түсінікті болды. Платформа автонесиеге қатысты барлық үдерісті қашықтан орындауға мүмкіндік береді. Өтінішті рәсімдеуге шамамен 5 минуттан аз уақыт кетті. Небәрі 3 қадамнан кейін мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы банк менеджеріне (СпецЦОН – ред.) барып, оның көмегімен, көлікті мамандардың сараптамасынан өткіздім. Қызметтің ыңғайлығы мен қолжетімділігі көңілімнен шықты”, – дейді ол.

Аталған санат бойынша автонесие 7 жыл мерзімге дейін беріледі, несие мөлшерлемесі 22%-дан (ЖТСМ 30,5% бастап) басталады. Пайыздық мөлшерлемеге бастапқы жарна (10%-дан бастап), несие мерзімі, көліктің жағдайы, құрастырылған уақыты сынды дүниелер әсер етеді. Несие мерзімі неғұрлым аз болған сайын, мөлшерлеме көлемі де төмендейді. Қарыздың ең жоғары сомасы – 15 миллион теңге.  

Әзірге қолданыста болған көліктерді несиелендіру тек үш мегаполисте – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте қолжеқтімді. Қарашаның соңына дейін бағдарламаға Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қостанай, Қызылорда және Қарағанды ​​қалаларын қосу жоспарланған.

Айта кетсек, қазіргі таңда Еуразиялық банктің автонесиелендіру бойынша портфелі 130 миллиард теңгеден асады. Бұл нарықтағы ең жоғарғы көрсеткіш. 

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы

Талқылау