AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жеті облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің 7 облысының аумағында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

23-25 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, ертең көктайғақ болуы мүмкін. 24-25 қазанда батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді, 24 қазанда екпіні 25 м/с болады.

23 қазанда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Ертең таңертең және күндіз Қарағанды қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ертең түнде Жезқазғанда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.



23 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

23 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болады, тіпті одан күшеюі мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.

Ертең Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

23 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында тұман түсуі ықтимал.

23 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр