AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"9 унитаз қаз-қатар тұр, жеке гигиена қайда": Арыс мектебіндегі жағдай желі қолданушыларының ашуын тудырды (видео)

Түркістан облысы Арыс қаласындағы №8 мектептің ешбір қоршаусыз, қаз-қатар қойылған әжетханасы көпшіліктің ашуын туғызған. Бұл туралы Арыс қаласының білім бөлімі олардың арасын бөлу жұмыстарына қаражат жетпей қалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектеп әжетханасының видеосын журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Facebook парақшасында жариялаған болатын. 

"Далада болмасын дегенге аямай салған екен-ау… Арыс қаласындағы (Түркістан обл.) №8 мектеп. Ал, енді осы 9 унитазды бөлмей, қатар-қатар қойған пысық ағалар айтыңыздаршы маған: жеке гигиена қайда, пандемия қайда, адам баласының бір-бірінің бетіне қарап дәрет сындырғанын қайдан көріп едіңіз? Топырлаған унитазға бала болып бастауыштар отырмаса, есі кіріп қалған жоғары сынып оқушылары есіктен ене алмай жүр", – деп жазған видео авторы.

Кадрды көрген желі қолданушыларының унитаздардың бөлінбегеніне наразылықтарын білдірді. 

"Айтарға сөзім жоқ. Камера қоймағанына шүкір", "Өте дұрыс айтасыз. Тендер алып, соны мүмкіндік болса, көбірек жеп қалудың қамы ғой сол", "Ортасын бөлуге материал жетпеген ғой... Ақшаны үнемдеп, демек, жеген", – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл жағдай туралы Арыс қаласының білім бөлімі пікір білдірді.  

“Бейнежазбада көрсетілген Арыс қаласындағы №8 В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің әжетханасының 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттары жасалынған. Аталған мектеп тарапынан берілген ақау-актісінде бейнежазбадағы әжетханалардың арасын бөлу жұмыстары көрсетілген. Алайда аталмыш мектеп орталық кәріз жүйесінен 150 метр қашықтықта орналасқандықтан, сметалық құжаттар жасалынып жатқан кезеңде 230 метр кәріз құбырын екі ғимараттан тартуға қомақты қаражат жұмсалуына байланысты әжетхана арасын бөлу жұмыстарына қаржы жеткіліксіз болды. Осыған орай, көтерілген мәселе бойынша ағымдағы жылда аталған мектептке тиісті қаржы қарастырылып, әжетханалар арасын бөлу жұмыстары жасалынады”, – делінген хабарламада.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр