Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас санитар дәрігер: Pfizer-ден кейін коронавирус жұқтырғандар бар

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Pfizer-ден кейін коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

 

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанда 21 мың адам вакцинадан кейін коронавирусқа шалдықты. Олардың басым бөлігі "Спутник V" вакцинасын салдырған. Барлығы – 18 мың адам.

"QazVac-тан кейін 436 адам ауырып қалды. Бұдан бөлек, Sinofarm (Vero Cell) вакцинасынан кейін 2 мың адам, ал Sinovac-тан (CoronaVac) кейін 603 адам коронавирусқа шалдықты. Pfizer салдырған 17 адам вирус жұқтырған. Олардың барлығы шетелде екпе алған", – деді Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетері, Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы әлі жеткізілмеген. Алайда негізгі келісімшартқа қол қойылды.

Денсаулық министрі Алексей Цойдың айтуынша, жақын арада Pfizer-дің алғашқы партиясы келеді. 12 жастан асқан жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады. 


Қазақстандағы карантин: Мемлекеттік комиссия отырысында 5 маңызды шешім қабылданды


Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын айтып берген еді. 

Айнұр Мұхади
Жұма, 15 Қазан, 2021 17:06
Талқылау