AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында инвестиция жасау: Шынайы брокерді алаяқтардан қалай ажыратуға болады

Инвестициялау жайлы ойлап, қор нарығында белсенді сауда жасауға бел буған әрбір азамат бірінші кезекте сенімді брокер таңдау мәселесіне кезігеді. Себебі нарықта сатушы мен сатып алушының арасында делдал қызметін атқаратын брокер көп жағдайда сіздің табысқа кенелуіңізге септігін тигізеді. Сонымен, қаржы брокерін таңдағанда неге мән берген жөн? Алаяқтарды сарапшылардан қалай ажыратуға болады? Бұл туралы біздің материалымыздан оқи аласыздар.

Брокер – инвестор мен биржа арасындағы көпір іспеттес. Оның көмегімен клиент бағалы қағаздарды, сауда валюталарын және басқа қаржылық құралдарды сатып алу және сату мүмкіндігіне ие болады. 

Қазақстан Республикасының заңы бойынша елімізде заңды және жеке тұлғалар өз бетінше қор нарығында сауда жасауына болмайды, ол үшін азаматтар брокердің көмегіне жүгіне алады. Брокер – қор немесе бағалы қағаздар нарығында қызмет ету құқығына ие және ақылы түрде инвестордың мүддесіне орай операциялар жүргізуге лицензиясы бар ұйым. Бұл салада брокерге белгілі бір құзыреттер беріледі. Атап айтсақ, мұндай ұйымдар бағдарламалық терминал мен шотты ұсына отырып, инвесторға  биржада сауда-саттық жасауға рұқсат бере алады, биржадағы операцияларды ашу және жабу туралы бұйрықтарды орындайды, қажет болған жағдайда тариф бойынша клиенттердің портфеліндегі активтерді басқарудың ең тиімді стратегиялары мен инвестициялық құралдарды ұсынады.

Бұдан бөлек, брокер инвестициялар есебін жүргізеді және нарық аналитикасын дайындайды. Соңғы уақыттарда қор нарығында инвестициялаудың танымалдылығы артқанына байланысты алаяқтардың әдіс-тәсілдері де жетіле түскен. Ең соңында тақырға отырып қалмас үшін бірінші кезекте брокер мен оның қызметі жайлы егжей-тегжейлі ізденіп, оқып алған дұрыс. 

Брокер таңдағанда нені назарда ұстау қажет? 

Бірінші кезекте, брокерлердің айтқан сөзіне мән берген жөн. Мәселен, кейбіреулері өте жоғары табысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар деп инвесторлардың қыр соңынан қалмай жатады. Әрине, мұндай жағдай кімнің ойында болмасын күдік тудырады. Қор нарығында, үлкен кіріске ие болу мүмкін дүние, дегенмен мұнда қауіп-қатер жоқ емес. Адал брокер инвесторды келіп-кетер қауіптер жайлы міндетті түрде ескертеді. Себебі жоғары табыс бар жерде қауіп-қатер де жоғары болады. Егер брокер асып-тасатын байлыққа кенелесіз, дәл қазір инвестиция жасаңыз деп артыңыздан қалмай, тек қана мақтау сөздеу жазылған пікірлерді мысалға келтірсе, бұл нағыз күдіктенетін жағдай.

Тағы бір айта кетерлігі, шынайы брокерлер ақшаны жеке шотқа аударуды сұрамайды. Қарапайым бір шоттан екінші шотқа жасалатын ақша аударымдары бұл жерде жүргізілмейді. Лицензиясы бар брокерлерде қаржы аудару үрдісі арнайы сайттағы бет пен тексерілген терминал арқылы жүргізіледі. Егер брокер ақшаны бастық арқылы аудару керектігін айтып, басқа біреудің картасына онлайн аударым жасауды өтінсе, ондай ұйымнан ат тоныңызды ала қаша беруіңізге болады.

Брокердің лицензиясы 

Бұған дейін атап өткеніміздей, брокер заң бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылады. Алайда бұл мәртебеге ие болу үшін оның брокерлік қызмет көрсетуге деген лицензиясы болуы шарт. Мұндай лицензияны брокерге бірқатар қатаң талаптарды орындауды талап ететін мамандандырылған орган тағайындайды. Мұндай талаптардың арасында бекітілген мөлшердегі меншікті капиталдың болуы және нарықтың барлық стандарттарына сәйкес келуі сынды дүниелер бар. Белгілі бір уақыт аралығында брокердің қызметін реттеуші оның жұмысына тексеріс жүргізеді, егер бірнеше рет заң бұзушылық анықталып, мәселе түзелмесе, олардың лицензиялары қайтарып алынады немесе тоқтатылады. Біздің елімізде брокерлерге лицензияны  Ұлттық банк тағайындайды, ал олардың қызметін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі реттейді. Агенттіктің сайтынан лицензиясы бар ұйымдар мен брокерлердің тізімін табуға болады. 

Брокердің сайты 

Көп жағдайда алаяқтар ұйымның сайтына аса мән бере қоймайды. Көбіне мұндай сайттар бірнеше күн немесе апта бұрын ашылған болуы мүмкін. Сайттың қашан тіркелгенін анықтау үшін "whois" қызметін пайдалана аласыз. Мұнда брокерлік ұйымның веб-сайтын енгізе отырып, қашан ашылғанын көруге болады. Мәселен, жарнамада ұйым 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді деп айтылып, ал сайттың ашылғанына бір жыл да толмаса, сақ болған жөн.

Брокердің уәдесі

Әдетте алаяқтар табыс көлемін әсірелеу арқылы өз құрбандарын арбауына түсіріп жатады. Брокердің аз уақыт аралығында жоғары кірісті уәде етіп, барынша сізді өз ұйымында инвестициялауға шақыруы – күдік туғызатын жағдай. Іс жүзінде мұндай брокерлердің өтірігі біртұтам болары анық. Тіпті, қаражатыңыз күйіп кеткенде мұндай алаяқтардың өзіңізді кінәлап шығуы да ғажап емес. 

Брокер жұмыс істейтін платформа 

Тексерілген және қауіпсіз платформалардан бөлек, жалған платформалар да бар екенін есте сақтаңыз. Брокердің қызметіне жүгінбес бұрын оның жұмыс істейтін платформасы жайлы сұрастырып көріңіз. Себебі мұндай плафтормаларда кейбір алаяқтар клиенттің шотындағы балансты өзгертіп, жалған комиссия ұстап, жасанды диаграмма орналастыра алады. 

Брокердің рейтингі

Брокердің сенімділігін тек қана оның лицензиясынан ғана емес, халықаралық рейтингінің болуынан аңғаруға болады. Мұндай рейтингтерді Standard & Poor’s (S&P), Moody’s  Investors Service (Moody’s) және Fitch Ratings сынды ірі ұйымдар тағайындайды. 

Брокердің позициясы

Cондай-ақ, брокердің биржадағы позициясына да назар аударуды ұмытпаңыз. Әдетте брокерлердің рейтингі мен белсенділігі биржа сайтында жарияланып тұрады. Бұл тұрғыда клиенттік операциялардың көлемі, тіркелген және белсенді клиенттердің саны туралы мәліметтерді ашатын құжаттарға мән берген дұрыс. 

Брокер жайлы пікірлер

Сандардан бөлек, инвесторлардың пікірін бір қарап шығыңыз. Сарапшылардың блогтары мен каналдарын, интернеттегі брокерге қатысты жаңалықтарды шолып көруіңізге болады. Ең бастысы, орынды пікірлер мен жалған жазбаларды ажырата біліңіз.

Сенімді брокер таңдау, әсіресе, осы саладан хабары жоқ, қор нарығында сауда жасауды енді бастаған инвесторлар үшін аса маңызды. Дұрыс таңдалған брокерлік компанияның мамандары таптырмас көмекшілерге айналары хақ. Сондықтан брокер таңдауда мұқият болған жөн.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр