AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханада босанған 16 жасар қыз баласын тұншықтырып, артынша өзі көз жұмды

Краснодар өлкесінің Славянск-на-Кубань қаласында 16 жастағы қыз көше дәретханасында сәбиін босанып, оны тұншықтырып өлтірген. Бірнеше күннен кейін ресейлік ару қатты қан кету салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қыздың анасы оның жүктілігі туралы білсе де, жасөспірімді әйелдер консультациясына тіркеуге қоймаған және ешқашан емханаға жүгінбеген.

16 жастағы бойжеткен баласын үйдің жанындағы дәретханада дүниеге әкелген. Бұдан соң оның бетін жастыққа қаратып, жатқыза салған. Салдарынан нәресте тұншығып қалады. Сөйтіп, жаңа туған нәрестені көшеге қалдырып кеткен. Ал анасынан көп мөлшерде қан кетеді. 

Дереккөздің хабарлауынша, үш күн бойы қызының ауырғанына қарамастан анасы дәрігерлер шақырмаған. Әйел тек бойжеткен есінен танып, өмірлік белгілер бермегенде ғана жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер келгенде қыздың көз жұмғанын анықтады. 

"Жасөспірімнің анасы шу шығып кетеді деп қорыққан. Сол себепті жедел жәрдем шақыртпай, қан кетуді өздігінен тоқтатуға тырысқан", — дейді ақпарат көзі.

Тәртіп сақшылары босанғанға дейін әйел қызына түсік тастататын дәрі-дәрмек салған деп болжайды. Бала 5-6 айлығында өмірге келгеніне қарамасан сап-сау болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр