Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда мемлекеттік қызметкердің тұрғынға айғайлап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Павлодар облысында халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болған қызметкер мен тұрғынның арасындағы дау видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Instagram желісіндегі zhaloby_pavlodar парақшасында “Мемлекеттік мекеме қызметкері қарапайым кісіге дауыс көтерді” деп жазылды. 

Видеода жанжалдасып жатқан еркек пен әйел кісіні байқауға болады. Олардың бұл қылығын тосу залында отырған халық та көріп отырады. 

Белгілі болғандай, ХҚО қызметкері құжат алушыдан "Мемлекеттік салықты касса арқылы төлейсіз бе әлде телефонмен аударасыз ба?" деп сұраған. Оны түсінбеген ересек кісі "Сендер ақшаға ешқашан тоймайсыңдар" деп әмияны мен кілтін лақтырып жіберген.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бірі қызметкерді жақтаса, бірі даттап жатыр. 

“Бір ай бұрын үйді сату жөнінде құжатымды осы кісі ресімдеп берген. Барлық мәселені ұғынықты түсіндіріп, құжатты дұрыс толтырып берді. Мүмкін оны әбден ашуландырған шығар”, Бұл әйел үнемі осылай айғайлап сөйлейді. Жұмыс істеу мәнері осындай болар", – дейді олар.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 04 Қазан, 2021 15:13
Талқылау