“Қазан айында аурудың таралу деңгейі біраз төмендейді деп күтілуде: күн сайын тіркелген науқастардың саны 40-100 шамасында болмақ. Аурудың таралу деңгейін төмендетуге қаладағы қоғамдық иммунитеттің 50%-ға жетуі әсер етті. Қазірдің өзінде вакцинаның екінші дозасын қала тұрғындарының 43%-ы алды”, – дейді ол.
Коронавирустың жаңа штаммдары пайда болуда, сондықтан босаңсуға әлі ерте, дейді Әсел Қалықова. Дегенмен оның айтуынша, бұл босаңсуға болады деген сөз емес.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыға Pfizer вакцинасы қашан әкелінетіні айтылған еді.