AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қора сияқты”: Атырау облысындағы кітапхана жұртты шошытты

Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан Ұлы отан соғысы ардагерінің атымен аталатын кітапхана құлауға шақ тұр, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Атырау облысында "Даңқ" орденінің иегері Ғизат Әліпов ауылындағы жалғыз кітапхана құлағалы тұр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бой көтерген нысанның әбден тозығы жеткен. Ауыл тұрғындары жаңа ғимаратқа көшіруді сұрағанымен, мәселе шешімін таппай келеді.

Ауылдағы 700-ден астам адамға рухани азық болған жалғыз кітапхананың қазіргі күйі аянышты. Жамап-жасқағаны болмаса ешқашан жөндеу көрмеген. Қақса шеге, жақса сылақ тұрмайды. Іргетасы құлап, едені тесілген. Жаңбыр жауса төбесінен су сорғалап қоя береді. Кітапхананың жалғыз қызметкері Қымбат Зинулинна от жағады. Ол ескі нысанның азабын әбден тартқан.    

“Әбден тозығы жетіп, құлайын деп тұр. Қыста өте суық болады. От жағуға мәжбүрмін. Жаңбыр жауса кітаптарды жинап тастаймын. Әйтепесе суға кетеді. Кітапхананы жөндеуге болмайды”, – дейді “Қызыл оба” ауылдық кітапханасының қызметкері Қымбат Зинуллина.

Кітапхананың қабырғасы опырылып кеткендіктен, ішке топырақ кірмес үшін терезелерге ағаш қағып тастаған. Том-том болып жатқан мыңдаған кітапты оқырман үшін сақтап қалу оңайға соқпай тұр. 
Газшылар бұл ғимараттың қауіптілігін ескеріп, газ беруден бас тартқан. Қауіпсіздің үшін жарықты да өшіріп тастаған. 

Зайнуллинаның айтуынша, кітапхананың 257 оқырманы, 6438 кітап қоры бар. Орын тапшы – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғалардың кітаптары бір бұрышта шаң басып тұр. Олардың ішінде Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Ғабиден Мұстафиннің кітаптары бар.

“Кітапханаға мүлдем ұқсамайды. Қора сияқты. Кітаптарды осылай қорлауға болады ма екен? Сұмдық қой!” – дейді ауыл тұрғындары.

Құрманғазы аудандық кітапханасының басшысы Бақыт Ғабдолованың айтуынша, мәселені шенділер біледі, бірақ шешпейді. Сол себепті Ұлы Отан соғысы ардегерінің атымен аталатын кітапхананың алдағы тағдыры белгісіз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр