Жөндеу жұмыстарын жүргізу, саяхаттау немесе инвестиция жасау үшін: Қандай жағдайда несие алған орынды?
Қолма-қол несие сіздің мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік сыйлайды. Шетелге саяхатқа шығып, үйіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тіпті жоғары білім алу үшін де банктің көмегіне жүгінуге болады. Бұдан бөлек, несие күтпеген мәселелерді шешуге немесе медициналық шығындарды жабуға да септігін тигізіп жатады. Десек те, кей кездері банктен ойланбастан ала салған қарыз жағдайыңызды қиындатуы мүмкін. Қай уақытта банктен несие алған орынды және қандай жағдайда несиеден бас тартқан жөн? Материалымыздан оқи аласыздар.
Бүгінде банктер жеке тұлғаларға несие беру бойынша бірқатар өнімдер ұсынады. Өз кезегінде оларды рәсімдеу оңай және бұл ақша сіздің мүмкіндіктеріңіздің кеңеюіне сеп болады. Міне, сондықтан қолма-қол несие – банктің ең танымал өнімдерінің бірі.
Әртүрлі жағдайларда несие мәселенің оңтайлы шешіміне айналуы мүмкін. Десек те, кей кездері несие алу туралы ойдан бас тарту дұрыс болады.
Қай уақытта несиеге жүгінбеген жөн?
Жалақыға дейін ақша қажет болса
Шағын несиелік ұйымдар әртүрлі мөлшердегі несие ұсынады. Белгілі бір жағдайда мұндай қарыздың көмегі тиюі мүмкін. Алайда несиенің пайыздық мөлшерлемесі мен шарттары тиімсіз болса, бұл сіздің қаржылық жағдайыңызға тағы бір соққы ретінде әсер етеді. Міне, сондықтан несие алмас бұрын “екі рет өлшеп, бір рет кескен жөн”.
Басқа несиені жабу үшін
Егер бір уақытта ипотеканы, несие картаңыздың және жаңа көлігіңізге алған қарызыңызды төлеп жүріп, тағы бір несие алуды ұйғарсаңыз, бұл ойыңыздан бас тартыңыз. Себебі осылайша сіз өз жағдайыңызды одан әрі ушықтырып алуыңыз мүмкін. Жаңа несие рәсімдеген сайын сіздің қарызыңыздың сомасы да арта түседі. Одан гөрі банкке жағдайыңызды түсіндіріп, қайта қаржыландыру секілді мәселенің өзге де шешімдерін қарайластырыңыз. Несиенің талаптарына қарай, банктер пайыздық мөлшерлеме мен айлық төлемді азайтып, жинақталған үстемақыны шегеріп тастай алады.
Қор нарығында инвестиция жасау үшін
Инвесторлар үшін ең негізгі қағида – қарызға алынған қаражатқа инвестиция жасамау екенін ұмытпаңыз. Әсіресе бұл салада жеткілікті біліміңіз бен тәжірибеңіз болмаса, опық жеп қалуыңыз мүмкін. Тіпті инвестициялаудан қомақты пайда түсетіндей көрінсе де, несиеге жүгінбеңіз.
Мамандар инвестицияға тек өз ақшаңызды құю қажет екенін айтады. Десек те, айлық табысыңызды тұтас инвестицияға жұмсауға болмайды. Міндетті түрде ертеңгі күнді ойлап, қажетті қаражатты қалдырып қойыңыз. Негізінен инвестициялау туралы ай сайынғы кірісіңіз артып, қаржылық жағынан тұрақтылыққа ие болған кезде ғана ойланған дұрыс.
Бәс тігу үшін
Букмекерлік кеңседе бәс тігу үшін несие алу – ақылға қонымсыз шешім. Себебі банктен қарызды тек табысыңызға сенімді болған кезде алған дұрыс. Оның үстіне букмекерлерде бәс тігу табыс табудың сенімсіз жолы болып табылады. Ал ертеңгі күні ол ақшаңызды да ұтылып қалсаңыз, сау басыңызға сақина тілеп алуыңыз ғажап емес.
Біреуге өз атыңыздан несие алып беру үшін
Туысыңызға, досыңызға немесе басқа да танысыңызға несие алып беруден аулақ болыңыз. Себебі бұл жағдайдың сізге тиер зияны көбірек болмақ: егер ол адам несиесін өтей алмаса, сіздің несие тарихыңызға нұқсан келіп, екеуіңіздің араларыңызда түсінбеушілік пайда болуы мүмкін. Тіпті, басқа адамға алып берген несиені ақыр аяғы өзіңіз төлеуге тура келуі ықтимал. Танысыңыз не себепті өз атынан несие рәсімдей алмады? Бұл жайында мұқият ойланыңыз.
Қай кездері несие алу дұрыс шешімге айналмақ?
Үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
Пәтеріңізде жөндеу жұмыстарын жүргізуге несие алу мәселенің таптырмас шешімі екені анық. Үйдің шатырын ауыстыру, ас үйді немесе балконды жаңарту, тіпті, аулаңызда бассейн орнатқыңыз келсе, несиеге жүгіне аласыз. Сонымен қатар, су құбырының жарылуы секілді келеңсіз жағдай орын алып, дереу жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаса, несие алуға болатынын ұмытпаңыз.
Қоныс аудару үшін
Әрине, егер жаңадан көшіп жатқан үйіңіз бұрынғы пәтеріңізден алыс емес болса, несие алудың қажеті жоқ. Алайда басқа қалаға немесе өңірге көшу үшін қосымша қаражат керек болады. Несиеге алған ақшаның көмегімен заттарыңызды көшіріп, жаңа үйге жаңа жиһаз бен техника сатып алып, автокөлігіңізді әкеліп, қосымша шығындарды өтей аласыз.
Емделуге кеткен шығындарды өтеу үшін
Емделуге кеткен шығындар – тұрғындардың несие алу үшін банктерге жүгінуінің тағы бір жиі кездесетін себебі. Стоматологиялық қызметтер, косметикалық операциялар және басқа да ем түрлері біршама қаражат жұмсауды талап етеді. Әрине, ауру айтып келмейді, дегенмен күтпеген жерден қомақты қаражат қажеттігі туындаса, несиелендірудің көмегі тиері анық.
Саяхаттау үшін
Кей кездері сіздің қаражатыңыз шетелге жолдамаға жеткенімен, саяхаттауға кететін шығындарды толық өтей алмауы мүмкін. Бұл жағдайда сіз көптен бері демалысты ойлап жүрген болсаңыз, жолдамадан бас тарту сізге қиынға соғары анық. Егер көптен бері тыңбай еңбек етіп, физикалық тұрғыда сергіп қайтқыңыз келсе немесе еңбек демалысыңыз кезінде мерзімі өтіп бара жатқан турға кезіксеңіз, несие алып, демалып қайтуға болады.
Білім алу үшін
Әрбір ата-ана баласының ЖОО-да сапалы білім алып шыққанын қалайды. Дей тұрғанымен ұл-қыздары 11-сыныпты тәмамдаған кезде кейбіреулерінің балаларын университетте ақылы түрде оқытуға қаражаттары жетпей жатады. Осы тұста ата-аналар банктің көмегіне жүгіне алады. Балаңыз ЖОО-да білім алу үшін несие рәсімдеу оның болашағына жасалған инвестиция болары хақ.
Айта кетерлік жайт, бірқатар банктерде оқуға арналған арнайы несие түрлері болады. Ал бұл несиені ересектерден бөлек, студенттің өзі де рәсімдей алады
Несие алуға әсер ететін себептер жетерлік. Дегенмен банктің көмегіне жүгінбес бұрын несиенің шарттарына үңіліңіз. Себебі әртүрлі банктердің талаптары да әр алуан.
Мәселен, ВТБ Банкте (Қазақстан) әртүрлі мақсатта қолма-қол несие алуға болады. 5 000 000 теңгеге дейін берілетін бұл несиенің түрін рәсімдеу үшін комиссия ұсталмайды. Ең ыңғайлысы, банкте несие төлеу кестесін өзіңіздің ыңғайыңызға орай құрастыру қарастырылған. Несиеге кепілдік қою талап етілмейді және оның мерзімі 60 айға дейін жетеді.
Толық ақпаратты 5050 нөміріне хабарласу арқылы немесе ВТБ Банк (Қазақстан) сайтынан білуге болады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
