Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар жолды жауып алған: Жамбылдықтар жаппай наразылыққа шықты (видео)

Жамбыл облысындағы Меркі ауданында жергілікті тұрғындар жолдарды жауып, наразылыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғындардың айтуынша, әкім базарды көшіруге шешім қабылдағаннан кейін, тұрғындар наразылыққа шыққан. 

14 қыркүйекте сағат 12:40 шамасында Меркі ауылындағы "Меркі", "Хан" базарындағы кәсіпкерлер аудан әкімдігі алдына жиналып, базарды жаппауын талап еткен. 

Әкімдіктің мәліметінше, Меркі ауылы, Торғаев көшесінің бойында "Меркі", "Хан" және "Аспара" базарларында кейінгі кездері аталған көшенің бойында ретсіз жабайы сауда орындары қалыптасқан. 

“Соның салдарынан көше бойы үнемі қоқысқа толып, ластануда. Көше бойы мен базар іші санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Сонымен қатар көлік кептелісі тұрғындардың наразылығын тудырып, оқушылардың мектепке баруына, жалпы халықтың жүріп-тұруына кедергі келтіруде”, – дейді әкімдіктен. 

Осыған орай, базардың қақпасын күн батыс аумағына ауыстыру жоспарланған.

“Бұл ретте, базардың жаңадан ашылатын қақпасына баратын жолға арнайы бағдаршам орнатылып, асфальт жабындысы төселеді. Көлік қоятын тұрақ жасалған. Жаяу жүргіншілер жолы жасалып, реттелді. Мұндағы кәсіпкерлерге базарды жабу туралы айтылмаған. Тек, қақпасын батыс жағынан ашу бойынша жұмыстар жүргізілгендігі хабарланған”, – делінген хабарламада. 

Базар иелері келісімшартта көрсетілген талаптарді бұзғандықтан, санитарлық талаптарды сақтау бойынша ескерту жасалған. Сондай-ақ базардың иелерімен жасалған келісімшарт мерзімі 2022 жылы аяқталатын болғандықтан, базар басшылығы кәсіпкерлерді ұйымдастырып, наразылықтарын білдіруге келген. 

Аталған кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сағат 14:30-да жиналғандар тарқатылған. 

Талқылау