AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте егеуқұйрық қаптап кетті: 22 адам зардап шеккен

Шымкентте егеуқұйрықтардың көп болуына тұрғындар шағымдарын айтуда. Биыл кеміргіштерден 22 адам зардап шегіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл бюджеттен егеуқұйрықтармен күреске алты миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға улайтын заттар сатып алынды. Олар қоқыс контейнерлеріне және кеміргіштер көп жүретін өзен мен канал бойына шашылатын көрінеді. 

Шымкент қаласы ветеринария бөлімі егеуқұйрықты тістеу жағдайы былтырға қарағанда биыл аз екенін айтады. 

“2020 жылы 35 оқиға тіркелсе, биыл 22 жағдай тіркелді. Егер адам егеуқұйрыққа тиіспесе, ол да тістемейді. Адам байқамай басып кетеді немесе тиіп кетеді, сондай жағдайда тістеп алады. Алайда олардың өзі бірінші болып адамға бас салмайды", – дейді Шымкент қаласы ветеринария бөлімінің басшысы Манарбек Ержігітов.

Нәтижеге қол жеткізу үшін мамандар да қулыққа баруға мәжбүр. Мысалы бір жылы дәріні нанға, етке араластырып берсе, биыл оның орнына дән қолданылады.

"Егеуқұйрықтармен күресте қулыққа барамыз. Жемді үнемі өзгертіп отырамыз. Бұл тышқандар неден өліп жатқанын білмеу үшін жасалады. Дәрі екі апта ішінде әсер етеді. Екінші жағынан олар үйреніп алмауы үшін жемтікті ауыстырамыз", – деді "Дезинфекция" мекемесінің өкілі Алмазхан Сұлтанбеков.

Мамандардың айтуынша, бұл улы дәрі мысық, ит, құс үшін қауіпсіз.

Алайда кеміргіштерді бір удың көмегімен жойып жіберу мүмкін емес. Сондықтан мамандар қала тұрғындарына сақ болуды және қалдықтарды қоқыс тастайтын алаңнан басқа жерге қалдырмауды сұрады.

"Барлығы халықтың санитарлық мәдениетіне байланысты. Адамдар өзі қалаған жерге қоқыс тастауын, әсіресе үй терезесінен қоқыс лақтыруын тоқтатуы қажет. Оны міндетті түрде қоқыс контейнерлеріне тастау керек. Сондай-ақ ұзақ уақыт сақтап қоюға болмайды. Тұрғын үй ауласында не болып жатқанын көріп отырмыз, барлығы тұрғандарға байланысты", – дейді Алмазхан Сұлтанбеков. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр