Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық турист 5 метрлік шыңнан құлап кетті

Үлкен Алматы шыңында 5 метрлік құздан құлап кеткен турист құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тау

Құтқарушыларға зардап шеккен адам туралы ақпарат 11 қыркүйекте келіп түскен. ТЖД мәліметінше, Үлкен Алматы шыңы ауданында турист құлап, екі аяғын жарақаттаған.

"Республикалық жедел құтқару жасағының жедел тобы дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар жедел автокөлікпен космостанцияға дейін жетіп, одан әрі жаяу барды. Біраздан соң Проходное шатқалы арқылы зардап шегушіге көмектесуге тағы бір жедел топты іске қосу туралы шешім қабылданды. Ер адам 12 қыркүйекте таңғы сағат 5-те табылды. Оның қасында тағы 2 адамның бары анықталды және олар жартасты жерде болған", - делінген департамент хабарламасында.

Құтқарушылар хабарлауынша, туристер Үлкен Алматы шыңына бағыт алған. Қараңғы түскенше шыңға жетіп үлгермейтіндігін түсінген туристер кері қайтады. Қайтар жолды қысқартқысы келген туристер келген бағыттарынан тайып кеткен. Нәтижесінде олар қауіпті әрі тік жарға тап болған. Ал туристердің бірі 5 метрлік жардан құлап, екі аяғынан жарақат алған. Құтқарылған ер адамға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жарақат алған азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, оны зембілмен ұзақ уақыт тасымалдау мүмкін болмаған соң әуе кемесі "Қазавиақұтқару" мекемесінің мамандарына жүгіну туралы шешім қабылданды. Құтқарушылар ер адамды тікұшаққа дейін апарды, одан әрі зардап шегуші медицина және апаттар орталығына жеткізілді.


Сарқырамаға қараймын деп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты: Ақмола облысында турист мұздай суға құлады

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Қыркүйек, 2021 08:34
Талқылау