AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік мәслихат депутаттары әл-Фараби ауданында атқарылған жұмыстардың барысымен танысты

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысын баяндады.

танысты

Халық қалаулылары ең алдымен төменгі Отырар шағынауданының 38, 40, 13/1 және 13/1 А аулаларында соғылып жатқан балалар алаңшаларына барды. Бүгінде онда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған аулаларда тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, бастырма, қоқыс жәшіктері, заманауи үлгідегі ойын элементтері орнатылуда.

Сондай-ақ, мәслихат депутаттары демеуші есебінен салынып, мамыр айында пайдалануға берілген Әлімбетов көшесі 45 В мекенжайда орналасқан спорт алаңшасын көрді. Әл-Фараби ауданында Серік Төлбасовтың демеушілігімен жалпы 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның 4-і халық игілігіне берілсе, 3-і күз мезгілінде салынбақ.

Қалалық мәслихат депутаттары Данабек Исабеков, Әйгерім Жұмағұлова, Қайрат Сүлейменов жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында "Қуатжылуорталығы-3" жылу қазандығын да аралап көрді. Жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жылыту жүйесімен танысты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр