AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар Ashyq қосымшасындағы статустың жанып-өшіп тұру функциясын алдауға болатынын айтты

Ashyq қосымшасындағы мәртебе енді жанып-өшіп тұратыны белгілі. Осылайша, әзірлеушілер тұрғындардың бұдан былай басқа адамдардың деректері бар скриншоттарды көрсетіп, мекемелерді алдай алмайтынын айтқан. Экранды жазып алу да енді жұмыс істемейтін болады. Қолданбаны әзірлеушілер бағдарламадан бұл мүмкіндікті алып тастағанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

"Күзетшілер, әкімшілер экран жанып-өшпесе, бұл скриншот екенін бірден түсінеді. Қосымшада адам экранды жазып алуға тырысса, тыйым салатын және бірден бұғаттайтын функция іске қосылды",-дейді Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.

Бірақ, сарапшылар жүйені алдауға болатынын айтады. Максим Ефименконың айтуынша, параметрлерге өтіп, экранды жазу функциясының құлпын алып тастауды тіпті оқушылар да істей алады. 

"Бағдарлама жұмысына түзетулер енгізе алатын тәжірібелі бағдарламашыларды айтпағанда, тіпті мектеп оқушылары да Android операциялық жүйесінде mod secure жалауларын өшіре алады. Іздеу жүйесін пайдалана отырып, мұны бәрі жасауына болады", - дейді киберқауіпсіздік бойынша маман Максим Ефименко.

Айта кетсек, Ashyq қосымшасындағы мәртебе енді жанып-өшіп тұратыны айтылған. Бұл жүйе мекемелерге телефон экранынан ескі мәртебені "скрин" жасап кіргісі келетіндердің жолын бөгемек. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр