Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен биік өкшелі аяқ киім киген соң ауырсынуды болдырмайтын әдісті айтты

АҚШ тұрғыны биік өкшелі аяқ киім кигеннен кейін болатын аяқ ауырсынуының алдын алатын әдіс ойлап тапты. Бойжеткеннің Tik Tok желісіне салған видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео christyclips лақап атымен аталатын парақшада жарияланды. Ол жерде ыңғайсыз аяқ киімде алты сағаттан астам уақыт қалай жүруге болатындығы көрсетілген. 

Мәселеден құтылу үшін ол табанына лидокаин мен анестетик қосылған спрей шашатыны белгілі болды. Американдықтың айтуынша, бұл құрал ауырсынуды басады. 

Қыздың жариялаған видеосы көпшілікке жаппай таралып, 10 миллионнан астам қаралым мен 500 мың лайк жинаған.



Кейбір пайдаланушылар видео авторына берген кеңесі үшін алғыстарын білдіріп жатты. 

"Бұны қолданып көру керек екен. Мен чемпион сияқты биік өкшемен жүруден шаршадым", "Енді лидокаинді кеңсе үстелінде сақтайтын боламын", — деп жазды олар.

Сонымен қатар бұл әдістің қауіпті екенін де айтып жатқандар табылды.

"Шын мәнінде, сіз бұл спреймен дененің өзіңізге зиян тигізетіні туралы ескертесіз. Мен мұны үнемі жасамас едім", "Пайдаланудың қажеті жоқ. Ауруханада жұмыс істейтін адам ретінде ауырсыну мұнымен аяқталмайды деп сендіремін", "Бұл денсаулыққа зиянды", – дейді олар.

@christyclips

#youngerself #heelhacks #secret #learnontiktok

♬ original sound - user1572529635051
Талқылау