AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заманына қарай адамы": Қазақстандық ұстаздар Tik Tok әлеуметтік желісі арқылы сабақ түсіндіріп жүр

Қазір жаңа технологияның дамуымен киберпедагогика саласы трендте. Ұлағатты ұстаздарымыз дәстүрлі форматты қойып, шәкірттерін танымал желі арқылы тәрбиелеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Алматылық тиктокер мұғалім Ұлан Үсенов оқушыларға химия пәнін қызықты өтудің заманауи әдісін ойлап тапқан. Жаңашыл педогогтың жаңа технологияны иегеріп қана қоймай, оқушыларға ең қиын пәннің формулаларын ұсынғаны көпшіліктің көңілінен шығуда. 

Жас ұстаздың тиктоктағы жазылушыларының саны – 600 мыңнан асып жығылады. Конттентің 90 пайызы білімге арналған. Оның сөзінше, тіпті танымал әлеуметтік желінің өзі білімді насихаттауды қолдайды. Әрі үнемі оны дамытуға септігін тигізеді.

"Жалпы Ресейде биология, математика  секілді пәннің мұғалімдері аниме арқылы оқушыларға сабақ түсіндіреді. Ал химияны кездестірмедім. Қазіргі оқушылар мен ата-аналардың дені тиктокта отырады. Әрине, оқушылармен көзбе көз отырып сабақ берген тиімді, сол себепті онлайнды да оффлайнды қатар алып жүрген әлдеқайда тиімді", – дейді мұғалім. 

Ютубтың қыр-сырын меңгерген Нұрғазы Қапбаров онлайн білім қала емес ауыл оқушыларына тиімді екенін алға тартады. Өйткені үздік мұғалімнің әдістемесі ауыл балаларына қолжетімсіз. Ал ютуб және өзге де онлайн платформалар ізденген оқушыға ашық.

"Бір сапалы мұғалімнен 1000 оқушы білім алады бір мезетте. Екіншіден қолжетімділігі. Қашықтағы, ауылдағы оқушылар қаладағы үздік мұғалімнен білім ала алады. Тегін сабақ өттім, оқушылардың  сұранысы жоғары”, – дейді ютуб мұғалімі Нұрғазы Қапбаров. 

Мамандардың пікірінше, алдағы бес жылда мұғалімдер онлайн платформаны жетік меңгеріп, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырады. Әзірге мұндай жаңа технологияны жетік білгендер некен-саяқ. Десе де, киберпедогогика, сандық технология қазіргі ұрпаққа қажет екенін жоққа шығаруға болмайды. 

"Өсіп келе жатқан ұрпақ, осыған бейім. Толығымен консервативті қарап, мұғалімдер соған бейімделіп, пайдалы ақпарат бере бастағаны дұрыс. Бала интернеттен тәрбие алады деген сандырақ қой негізі. Бала тәрбиені үйден ата-анасынан алады", – дейді кәсіпкер Бөгенбай Серікбай.

Айта кетейік, көрші Ресейде киберпедогогика бұрыннан трендте. Мұғалімдер тіпті жазушылар санымен кәдімгі сайысқа түседі. Бірақ мамандар дәстүрлі форматтың қашанда онлайн білімнен озық тұратынын естен шығармаған дұрыс деген пайымда. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр