AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әкім жарықтың өшуіне қарғаны кінәлап, желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды

Жамбыл облысында Тамды ауылы әкімінің "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбаты желіде қызу талқыға түсті. Тілші елдімекенде жарықтың жиі өшуіне байланысты сұрақ қойған. Әкім Рауан Асқаров бұған қарғаларды кінәлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тамды ауылының тұрғындары жарықтың жиі өшетініне шағымданған. Телеарна тілшісі жарықтың не себепті сөнетінін ауылын әкімінен сұрап көрген. 

 Журналист пен әкім арасындағы диалог былай жалғасады: 

- Қарға деген бәле трансформаторға күйіп кетеді де, оған күш түседі де, жарықты сөндіріп тастайды.
- Қарға? Алақандай құс?
- Қанатымен ұшып барады да қанаттары темірге тиеді.

- Қарға жақындамайтындай қоршау керек пе? Қарға жақындамас үшін не істеу керек?
- Қоршауы тұр ғой.
- Енді бұл мәселені қалай шешу керек?
- Мәселені сол ... қалай шешетінін білмеймін.
- Ауданнан сұрайын ба?

Бұл жауап Қазнетт қолданушыларының ашуын келтірді, ал кейбіреулері жай ғана әзіл деп қабылдаған.

"Тұлып қою керек шығар", "Қарғалар басқа жерде ұшпайтын секілді", "Міне әкім, шынын айтты", "Өтірік айтқан жоқ", - деп жазды пікір қалдырушылар. 

Желі қолданушылары биліктегі адамдардың бұлай қателесуіне үйреніп қалғанын да жазған.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр