"Аяғы шіріген анасын тастап кеткен": Ақтаулық еріктілер әжейді пәтерде қараусыз қалдырған балаларын жазалауды сұрайды
Ақтауда еріктілер өз пәтерінде тірідей шіріп жатқан зейнеткердің балаларын жауапқа тартуды талап етуде. 69 жастағы әйел аяғы гангрена болып, ойылған жеріне паразиттер қаптаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлер әжейдің оларға бірінші рет келмегенін айтады. Мамыр айында оның аяқтарының саусақтарын кесіп тастауға мәжбүр болған.
69 жастағы Ғайни Мақсұтованы отбасы туралы кездейсоқ естіген еріктілер пәтерінің еденінен тауып алған. Олар әлі күнге дейін көрген көріністерін ұмыта алмайтынын айтады. Зейнеткер шіріген аяғын легенге салып, жылап отырған.
Ал пәтерде оның ересек ұлы болған. Ол анасымен бірге тұрады екен.
“Астында дым жоқ, жалаңаш еденде жатыр. Күтім көрмеген, жан-жағының бәрі лас, толған нәжіс. Сонымен қатар, шіріген аяғында құрттар мен шыбындар қаптап жүр. Ашуға булығып қалдық. Қалай ғана тірі балалары бола тұра адам осындай күйге түседі. Шіріп жатыр”,- дейді ерікті Татьяна Солнышкина.
Еріктілер жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер әйелдің жағдайын ауыр деп бағалады. Белгілі болғандай, Ғайни Мақсұтова үш инсульт алып, қант диабетімен ауырады. Мамыр айында гангренамен тағы да ауруханаға түскен. Дәрігерлер оң аяғындағы саусақтарын кесіп тастауға мәжбүр болған. Енді ақ халаттылар науқастың туыстарына оған қазір ерекше күтімді қажет ететінін ескертті.
Әженің үш ай бойы не себепті қараусыз жатқанын ұлы Аслан Мақсұтов түсіндірді. Ол анасын бұндай жағдайда бір ай бұрын алғанын айтады. Бұған дейін әйел қызымен және немересімен бірге тұрған.
Бірақ қызының кінәсінен көршілері қайтыс болғандықтан ол түрмеге жабылады. Әйел қандалаларды улау үшін дәрі сепкен, бірақ одан екі адам қайтыс болған. Немересі қазір бірнеше күн жұмыс істеуге мәжбүр, сондықтан ол қарт әжесін қадағалай алмайды. Асланның өзі мүгедектігіне байланысты жұмыс істемейді. Анасына қолынан келгенше қарайтын көрінеді.
“Бір ай бұрын маған әкеліп тастады. Мен қалай қараймын? Өзімнің жамбас сүйегім сынған, балдақпен жүрмін. Арасында үй жинап, тамақ жасаймын. Жараларын таңып көмектесемін”, – дейді Аслан Мақсұтов.
Еріктілер зейнеткерді осындай жағдайға жеткізген туыстарын жауапқа тарту керек деп ойлайды.
Әйелдің ауруханада қанша уақыт өткізетіні әлі белгісіз.
Ғайни Мақсұтованы шығарған кезде, еріктілер оған жеке көмекшіні бөлуді сұрамақ. Қарттар үйіне апарса, бұрынғы тағдыр күтіп тұрғанына сенімді. Алайда, әйелдің ұлы анасына күтім жасауды мойнына ала алмайтынын жеткізді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
