AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үреймен өмір сүрудеміз": Кабул тұрғындары Ауғанстандағы оқиғалар туралы шындықты айтып берді

Ауғанстан тұрғындары үреймен өмір сүруде. Кейбір аймақтарда дүрбелең басталды. Азық-түлік пен ең қажетті заттар жетіспейді. Тұрғындар азық-түлік бағасы қымбаттағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Елден кету үмітімен мыңдаған адам Кабул әуежайында әлі жүр. Ол жер аласапыранға толы. Біз Ауғанстан астанасының тұрғындарымен байланыс орнатып, олардың үміттері туралы біле алдық.

Үшінші күні Ауғанстан астанасы Кабулды жаңа қожайыны – тәліптер басқарып тұр. Жергілікті тұрғын Саид Мамин Нори жағдай әлі тыныш екенін айтады. Қалада ұрыс жоқ, атыс естілмейді. Бірақ бәрібір адамдардың бойын өз болашақтары үшін қорқыныш кернейді. 

Бір сағаттан кейін не болатынын ешкім білмейді. Адамдар қатты көңілі қалған. Олар бүгін, ертең немесе арғы күні не болатынынан қорқады. Негізінен, адамдар үмітсіз қалды деп айтуға болады.

Кабулдың тағы бір тұрғыны Амани Омар Ханның айтуынша, көбісі әлі қорқынышта жүр.

“Тәліптер қалаға тез кіреді деп ешкім күткен жоқ. Барлығы тез болды. Елде сауда тоқтап, азық-түлік пен бензин қымбаттады. Адамдар түнде шықпауға тырысады. Мыңдаған адамдар әуежай арқылы елден кетуге тырысқандықтан, ол жер аласапыран болып жатыр. Кабул әуежайына 10-15 мың адам барды. Олар Ауғанстаннан кеткілері келген. Не паспорты жоқ, визасы жоқ. Бірақ қорқыныш бар, бәрі үреймен жүр. Әйелдер хиджабсыз үйден шыға алмайды”, – дейді ол. 

Көбісі ертеңгі күннің белгісіз болуынан қорқады. Тәліптер елді шариғат заңдары бойынша ма немесе жалпы қабылданған заңдарға сәйкес басқара ма ешкім білмейді. Әсіресе әйелдер құқығы мәселе болып отыр. Мысалы, "Талибан" қозғалысының саяси басшылығы ВВС-ге берген сұхбатында бұрын көптеген қателіктер жібергенін айтты.

“Әрине, олардың білім алуға құқығы бар, оларға бұл қажет. Білім алғаннан кейін, әрине, жұмыс істеуге құқылы. Таспен ұруға келетін болсақ, мен діннің барлық нюанстарын білмесем де, әйелді таспен ұруға жеткілікті дәлелдер табу өте қиын. Бұл мүмкін емес, бірақ өте қиын”, – дейді "Талибанның" ресми өкілі Сухайл Шахин.

Осы жерде "Талибан" қозғалысының саясаткерлері мен қолбасшыларының көзқарастары қайшы екенін аңғарамыз. ВВС арнасы журналисінің ұрлық пен сатқықдыққа қатысты сұрағына әскери қолбасшы шариғат заңдары бойынша қатаң жазалатынын айтқан. 

“Бұл Құранда нақты жазылған. Егер біреу ұрлық қылса, ол жазаланады. Мысалы, кейбір ұрлық үшін қолды немесе аяқты кесіп тастайды. Ал егер біреу опасыздық жасаса, онда ол адамды таспен ұру керек”, – дейді тәлібтердің командирі Маулен Мохамед. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр