Қарағанды облысына 60 есе жүйрік интернет келді
Жаңа технология бойынша тарайтын интернетті бұрынғымен салыстыруға да келмейді. Екеуінің сапасы жер мен көктей. Қарағандылықтар 8 мб/секундтан бірден 500 мб/секунд тартатын интернетке қол жеткізді. "Қазақтелеком" ұсынған GPON технологиясының арқасында Саран, Шахтинск, Абай қалаларының 500-ге жуық тұрғын үйі жүйрік интернетке қосылды.
Мыс желіден оптикалық желіге ауысқанды тұрғындар бірден аңғарды. Бұрын күніне 1 сағат жұмыс істесе, 3 сағат тоқтап тұратын интернеттен әбден зәрезап болған абоненттер жаңа желі келіп "көзі" ашылды.
Саран қаласының тұрғыны Елена Болотина GPON технологиясы туралы білгеніне де көп болған жоқ. Оптикалық желінің өз пәтеріне келіп кіргенін ол үлкен олжа деп біледі.
"Бұған дейінгі интернетті бар деп айтуға ауыз бармайтын, 1 сағат желіге қосылсақ, 3 сағат интернетсіз отыратынбыз. Жел тұрса, жаңбыр, қар жауса өшеді де қалатын. Ұлым колледж студенті болғандықтан, былтыр онлайн сабақ оқу өте қиын болды. Осыдан екі ай бұрын “Қазақтелеком” жаңа технология бойынша жұмыс істейтін интернетті қосып кетті. Қазір еш кедергісіз жұмыс жасап тұр. Баламыз да сабағына толығымен қатыса алатын болды. Біз сапалы интернет қосылғанына қуаныштымыз”, – дейді Елена Болотина.
"Қазақтелеком" өткен жылдың соңынан бастап GPON технологиясын пайдалану арқылы көптеген қалаларды жылдам интернетпен қамтамасыз етуде. Облыста алғашқылардың бірі болып жаңа технология бойынша Шахтинск қаласы интернетпен қамтылды. Артынша Абай мен Саран қаласының тұрғындарына да бұл технология қолжетімді болды.
Шахтинск қаласының тұрғыны Мейрамгүл Сатиева бүгінде жүйрік интернет кеп, қолы ұзарғанын айтады. Мейрамгүл жергілікті емханада медбике. "Қазақтелекомның" сапалы үй интернеті оған жұмысты қашықтан істеуге мүмкіндік берді. Бүгінде еш кедергісіз үйде отырып-ақ пациенттер туралы мәліметтерді толтырып, анализдерін қарап, медициналық анықтамалық бойынша жұмысты ұйымдастырып отыр.
"Мен жақында Ultra пакетін қостырдым, маған екі сим-карта берілді, олардың бірін немерем, екіншісін өзім қолданамын. Немерем ойынға шыққанда немесе қонаққа барғанда, біз онымен үнемі байланыстамыз. "Ультра" пакеті сонымен қатар үйдегі екі теледидарды цифрлық ТВ-ға қосуға мүмкіндік берді, немерем үнемі мультфильмдерін бір теледидардан көреді, ал біз өз фильмдерімізді немесе бағдарламаларымызды екінші жағынан қарай аламыз. Бірақ біз үшін ең бастысы – қазір "Қазақтелекомның" арқасында бізде жақсы интернет байланысы пайда болды. Бұған дейін 2,5 жыл бойы біз басқа оператордың интернетін пайдаланып келдік, бірақ оның сапасы көңіл көншітпейтін. Бізде балама түрде екінші оператордың, яғни "Қазақтелекомның" келгені жақсы болды", – дейді Шахтинск қаласының тұрғыны Мейрамгүл Сатиева.
Бүгінде заманауи GPON технологиясы Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Шахтинск, Теміртау қалалары мен Осакаровка ауылының тұрғындарына ұсынылған. Бұл технологияны қолдана отырып, Интернетке қосылған абоненттердің жалпы саны шамамен 55 мың адамды құрайды.
Бұл ерекше технология арқылы көпқабатты үйдің тұрғындары бір мезетте жоғарғы жылдамдықты интернет, интерактивті ТВ+, телефония мен телемедицинаға қол жеткізеді.
"GPON технологиясы абоненттерге интернетті талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ол ең заманауи әрі жылдам желі болып табылады, оның жылдамдығы 500 Мб/с-ке дейін жетеді. Ол үшін оптикалық желі пәтерге дейін тартылады, ал сигнал талшық арқылы беріледі, бұл тұрақты интернет пен деректерді жоғары жылдамдықта алмасуға кепілдік береді. Сондықтан біздің абоненттер кез келген мемлекеттік қызметтерді желіде қолдана отырып, күнделікті мәселелерін жылдам шешуге мүмкіндік алады. Жыл соңына дейін аталған қалаларда тағы 339 үйді жүйрік интернетке қосуды жоспарлап отырмыз", – дейді "Қазақтелеком" АҚ Орталық Өңірлік дирекциясының В2С сегментінің коммерциялық директоры Дамир Сейсембеков.
Оның айтуынша, жоспар бойынша Саран, Шахтинск, Абай қалаларында 790 көпқабатты тұрғын үй кең жолақты интернетке қосылады. Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі аяқталды, бұл тұрғындар арасында "пәтерге оптика" технологиясын қолдана отырып қызметтерді қосуға деген үлкен сұраныс тудырды. Жоғары сапалы интернет жұмыс, оқу, ойын-сауықты үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қарағанды облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясын қолдана отырып, ауылдық елді мекендерге кеңжолақты интернет тарту бағытында ауқымды жоба аяқталды, бұл аймақтың 36 ауылын сапалы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жобаның арқасында 120 -дан астам мемлекеттік мекемелерге (әкімдіктер, мектептер, ауруханалар, полиция бекеттері) 10 -нан 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықта жұмыс істейтін интернетке қол жеткізді. Сонымен қатар, осы ауылдық елді мекендерде телекоммуникация қызметіне қосылған үй шаруашылықтарының саны 4 мыңға дейін өсті.
Құрылған желілік инфрақұрылым негізінде ұялы байланыс операторлары кезекті "250+" жобасы аясында Қарағанды облысының 85 ауылының тұрғындарына кеңжолақты мобильді интернет тартты. Облыстың 37 ауылында облыс әкімдіктерімен бірге, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ күштерімен Wi-Fi технологиясының көмегімен радио көпірлер орнатылды, бұл осы ауылдардың тұрғындарына мобильді интернетті пайдалануға мүмкіндік берді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
