Алматыда өрттен кейін 15 отбасы баспанасыз қалды
Алматыда 15 отбасы үйі өртеніп, баспанасыз қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Екі қабатты ғимараттағы өрт түнде адамдар ұйықтап жатқанда басталған. Өрттен зардап шеккендердің айтуынша, көршілердің бірі күйіктің иісінен оянып, дабыл қаққан.
“Біз ұйықтап жаттық. Бір кезде "өрт!" дегенді естідік. Ұрысып, айқайлап жүр. Қорқынышты болды. Мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Үй ескі. Не Себеп болғанын білмейміз, өзіміз көшеге әрең жүгіріп шықтық”, – деді тұрғын Айгуль Жетпісова.
Құтқарушылар өрттен төрт адамды алып шықты. Олар күйік алып, ауруханаға түсті. Көмірқышқыл газымен уланған науқастардың бірі қазір реанимацияда.
Үйдің өзі күлге айналды, оны қалпына келтіру мүмкін емес. Ғимарат ескі, шамамен 80 жыл болған. Адамдар әкімдікке көмек сұрап жүгінбекші, ал шенеуніктер бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ. Полиция мен ТЖД болған оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрады.