Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан саяхаттауға қауіпті болып шықты

Қазақстан АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жасаған COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары елдер тізіміне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN travel-ге сілтеме жасап.

Орталық жасаған картада еліміз қоңыр-қызыл түске боялып тұр. Бұл коронавирустың таралуының өте жоғары деңгейін білдіреді.

"Осы бағыттар бойынша саяхаттаудан аулақ болыңыз. Егер сіз осы елдерге баруды жоспарласаңыз, сапар алдында толығымен вакциналанғаныңызға көз жеткізіңіз", – делінген хабарламада.

Тізімде барлығы 70 ел бар. Қазақстаннан басқа Грузия, Греция, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Оман, Сауд Арабиясы, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ұлыбритания тізімге кірген.


Талқылау