Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 миллион долларға сатып алған
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6 250 000 АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді", — деді министрлік өкілдері.
Олимпиаданың трансляциясы бойынша келіссөздер 24 шілдеге дейін жалғасқан. ⠀
Министрліктің хабарлауынша, жапониялық компания көрсетілімге мүмкіндікті 15 миллион долларға сатып алуды ұсынған. Алайда 2016-2018 жылдары Қазақстан дәл осы көрсетілімді 5,1 миллион долларға сатып алған болғандықтан бас тартқан. ⠀
Ақпан айында қазақстандық тарап бағаның төмендетуін сұрап хат жазған. Дегенмен, өтініш жауапсыз қалған. Нәтижесінде Олимпиада басталуға бір күн қалғанда ортақ келісімге қол жеткізген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”