"Ата-анасы екпе салдырмаған балалар балабақшаға жіберілемейді": Ақпарат желіде дау тудырды
Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы COVID-19-ға қарсы егілмеген балаларды балабақшаға қабылдамайтыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Шын мәнінде, өңірдің және елдің бас санитралық дәрігерлерінің қаулыларында мұндай талаптар жоқ.
COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды.
“ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14.07.2021 жылғы №32 "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады”, – деп хабарлады ведомстводан.
-
Өскеменде вакцина алуға келген әйел өзіне екпе салынып қойғанын анықтаған
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 ауырғандарды қоспағанда, COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді делінген. Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде оқу-өндірістік комбинаттардың білім беру дамыту және түзету орталықтарының және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты.
Алайда аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.
Демек, ҚР бас санитарлық дәрігері ата-аналардың КВИ-ға қарсы вакцина алмауына байланысты балаларды балабақшаға, мектепке немесе басқа білім беру мекемесіне қабылдаудан бас тартылуы мүмкін деген қаулылар шығарған жоқ.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
