Антальяда орман өрті өршіп тұр: Тілсіз жау тұрғын үйлерге шапты (видео)
Түркияның Анталья провинциясында орман өрті тұрғын үйлерге шапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN Turk арнасына сілтеме жасап.
Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің айтуынша, өрт салдарынан 53 адам жарақат алған. Үйлер, өндірістік ғимараттар, жылыжай мен басқа да ауыл шаруашылық нысандары бүлініп, он гектардан астам орман жанып кеткен.
Қызыл алауды ауыздықтауға ұшақ, 19 тікұшақ, 103 өрт сөндіру көлігі мен 400 құтқарушы жұмылдырылған. Олар өртті Анталья – Аланья тас жолында орналасқан жанармай құю бекеттеріне жеткізбеуге тырысып бағуда.
Министрдің сөзінше, жағдайды аймақтағы құрғақшылық пен желдің соғуы ушықтыруда.
Аймақтағы бес елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланған.
In #Manavgat / #Antalya brennen gerade an vier verschieden Stellen Wälder! Es ist absolut beängstigend das zu sehen! Allen betroffenen mein Mitgefühl. #türkei #yangin #side pic.twitter.com/eZP4bNodR8
— Stephan Brock 🇩🇪🇪🇺 (@broncomd) July 28, 2021