AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері тамақтану орындары жабылады: Нұр-Сұлтанда карантин күшейді

Бүгін, 26 шілдеде елорданың бас санитар дәрігерінің карантинді қатаңдату туралы жаңа қаулысы күшіне енді.Соған сәйкес, қалада қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Енді мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар, соның ішінде далада орналасқандар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұл ретте "Ashyq" жобасына қосылған мекемелер дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін істесе, сенбі-жексенбі жабық болады. Тамақты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүргізіледі.

Сол сияқты асханалардың жұмыс істеу уақыты да өзгерді. Оларға клиенттерді дүйсенбі-жұма күндері таңғы 7:00-ден 17:00-ге дейін ғана қабылдауға рұқсат етіледі.

Сұлулық салондары, шаштараз, "барбер шоп" дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Клиенттерді қабылдау қатаң түрде алдын ала жазылу арқылы жүргізілуі керек.

Бұған қоса, қалада бірқатар кәсіпкерлік нысанының жұмыс режимі қысқартылды.

"Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, спорт нысандары, бассейндер, сауналар, СПА-орталықтар сенбі және жексенбі күндері жабылады. Ал дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

"Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру күшейтілген санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал дүйсенбі-жұма аралығында сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Қала әкімдігі карантинді қатаңдату тұрақсыз эпидемиологиялық жағдаймен байланысты мәжбүрлі шара екенін атап өтті.

Қаулы Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр