AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Денсаулық сақтау министрлігі: Жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова вакцина алмағаны үшін жұмысынан шеттетілген адамдар жұмысқа шығу үшін не істейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Есмағамбетова жұмыскер вакцина алса немесе жеті күнде бір рет ПТР анализін тапсыратын болса, жұмысқа қайта оралуына болатынын айтты. 

"Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, қызметкер өз әрекеті немесе әрекетсіздігінен айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірсе, жұмыс беруші оны жұмыстан шеттете алады. Мақсат – жұмыстан қуу емес, керісінше ұжымдағы басқа да азаматтардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызметкер жұмыстан уақытша босатылады, яғни вакцина алған жағдайда ол өз жұмысын қайта жалғастыра алады. Сондай-ақ, вакцина алмаған жағдайда қызметкер аптасына бір ПТР тест тапсыруына да болады", - деді комитет басшысы.

Сонымен қатар, ол вакцинаға қарсы көрсетілімі бар адамдар 7 күнде бір рет ПТР тест тапсыруға міндетті емес екенін айтты, ал вакцина алмағандар тапсыруы керек.

Айиа кеиейік, 2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 776 755 адам, 2-ші компонентін 2 661 833 адам салдырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр