Алматы облысында сел жүріп өтті
Алматы облысының Кербұлақ ауданында жаңбыр салдарынан қатты сел жүрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Селдің видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Желідегі ақпарат бойынша, селдің салдарынан Көксу кенішіне баратын жол жабылып қалған.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 14 шілдеде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінде сел болғанын хабарлады.
“Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты, Көксу орман шаруашылығының 1 кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар басқармасы.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн