AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Алматылықтар несие тарихын жөндеп беремін деп уәде еткен алаяққа алданып қалды

Алматыда 30 жастағы ер адам несие тарихы “қара” тізімге іліккен  азаматтардың мәселесін шешемін деп алдап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаменті Қазақстанның бүкіл аумағында оннан астам жәбірленуші алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінгенін хабарлады. 

А. есімді жігіт несие тарихы нашар адамдарға бұл мәселені "шешіп беруді" ұсынған.

Ол өзінің жұмысы үшін қомақты сома сұраған. Оған сенгендер ақшасын төлеп, “қызметін пайдаланған”. Алайда тапсырыс бергендердің күтуден басқа амалы болмаған.

Қаражатты алғаннан кейін ер адам белгісіз бағытта жасырынған. Қолындағы қаражатты өз қажетіне пайдаланып жүре берген.

"Жедел іздестіру барысында 30 жастағы Алматы облысының тумасы ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты 10 алаяқтық фактісі дәлелденді. Сонымен қатар жәбірленушілер тек Алматыдан ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларынан жүгінді. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 190-бап бойынша тіркелді", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Полицейлер алданған адамның көп екеніне сенімді.

"Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауыңызды сұраймыз. Осы ер адамның әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-771-1371; 8-705-555-7763”, – деді Есен Ысқақов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр